«Қазақстандағы терроризм және діни экстремизм» семинары

02.11.16

Семинар «Терроризм и религиозный экстремизм в Казахстане»

    2016 жылғы 1 қарашада Медициналық орталықтың және оның ведомстволық қарасты ұйымдары қызметкерлерінің қатысуымен «Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы» АҚ ұйымдастырған «Қазақстандағы терроризм және діни экстремизм» тақырыбына семинар өтті.

    Қазіргі заманғы әлемде халық қауіпсіздігіне төнетін негізгі қауіп-қатердің бірі – терроризм және діни экстремизм болып табылады. Бүгінгі күні  әлемде қалыптасқан  жағдайда террористтер үшін адам өмірінің еш құндылығы жоқ болып тұр,  біз бұл жәйтті күн сайын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы көріп отырмыз.

    Сондықтан діни экстремизм мен терроризмнің қауіп-қатеріне жол бермеу мақсатында алдын алу іс-шараларының кешенін өткізу қажет.

Осыған байланысты, мына сарапшылардың қатысуымен семинар өткізілді:
1.  «Әзірет-Сұлтан» мешітінің теолог-ағартушысы - Қайырғалиев Мақсатбек Мақсотұлы;
2.  Астана қаласының  Дін істері басқармасының өкілі Діндер мәселелерін зерттеу орталығының бөлім бастығы - Құдайберген Мөлдір Талғатқызы;
3.  «Ариал» қоғамдық қордың басшысы - Рүстембекова Айман Мейірқызы.

    Сарапшылар өз пікірлерімен және тәжірибесімен бөлісе отырып, аталған көріністердің орын алу қатерін барынша азайтуға, халықтың өмірі мен денсаулығын сақтауға, ауыр салдарды болдырмауға бағытталған бірқатар шаралар туралы егжей-тегжейлі әңгімеледі.

Терроризмге қарсы бейнематериалмен және ұсынымдармен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

 

  • Просмотров: 581

Ведомстволық қарасты ұйымдар

Пайдалы сілтемелер

  • ehealth.kz
www.mcudprk.kz | Copyright © 1929 - 2016. Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының ресми сайты