«ШИПАЖАЙ-2017» Халықаралық ғылыми-практикалық Форумы 20-21 сәуір 2017 жыл Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Бурабай кенті

28.02.17

1

Құрметті әріптестер!

    Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы Қазақстан Республикасының Ұлттық Курорттық Қауымдастығымен бірге өзінің ілтипатын білдіре отырып, 2017 жылдың      20-21 сәуірінде өтетін «ШИПАЖАЙ-2017» халықаралық ғылыми-практикалық Форумына (бұдан әрі - Форум) құрметті қонақ, баяндамашы және қатысушы ретінде қатысуға шақырады.
Форумды Бурабай курорттық аймағының орталығында орналасқан «Қазақстанның інжуі» «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешенінде өткізу жоспарланып отыр.

    «ШИПАЖАЙ-2017» Форумы – санаториялық-курорттық емдеу, медициналық оңалту, курорттық іс менеджментінің заманауи технологияларын дамытудағы тәжірибе алмасудың жыл сайынғы алаңы.

   Форум шеңберінде келесі конференцияларды өткізу жоспарлануда:

    1. Медициналық оңалтудың заманауи әдістері;
    2. Курорттық іс менеджменті.

    Форум бағдарламасында Қазақстанның санаториялық-курорттық мекемелерінің басшыларының, Қазақстан Республикасының Ұлттық Курорттық Қауымдастығының, шетелдік қонақтардың, сонымен бірге мүдделі үкімет органдарының өкілдерінің қатысуымен  Қазақстандағы санаториялық-курорттық қызметтің мәселелерін талқылай және оларды шешу және дамыту бойынша ұсыныстар бере отырып Дөңгелек үстел өткізу қарастырылған.

    Форум аясында санаториялық-курорттық мекемелердің және Қазақстан мен шетелдерде жасалған заманауи медициналық технологиялардың Көрмесін ұйымдастыру жоспарлануда.

    Көрмеге қатысу үшін санаториялар, пансионаттар және басқа да ұйымдар келесі бағыттар бойынша шақырылады:
• Минералды сулар, емдік балшықтар, климат
• Диагностикалық, емдік және көмекші құралдар
• Физиотерапия
• Климаттық,  бальнео- және балшықпен емдеу үшін құралдар мен технологиялар
• Массаж
• Тренажерлық құралдар және инвентарь
• Термотерапия (моншалар, сауналар)
• Рефлексотерапия
• Механотерапия
• Емдік физкультура
• Мануалды терапия және дәстүрлі медициналық технологиялар
• Емдік және профилактикалық тамақтану
• Anti-age технологиялар және өнімдер
• Косметология және эстетикалық медицина
• SPA және Wellness
• Ресурс үнемдейтін және экологиялық таза технологиялар
• Салауатты өмір салтын қалыптастыратын технологиялар
• Фармацевтикалық заттар және ББЗ
• Санаторияларды жабдықтау
• Компьютерлік және ақпараттық технологиялар
• Жағажай құралдары
• Жиһаз
• Бассейндер
• Тренажерлық залдар
• Ас әзірлейтін бөлімдердің құралдары
• Жарнама
• Автокөлік
• Жолдамаларды сату
• Медициналық және әлеуметтік сақтандыру
• Жобалау, құрылыс және санаторияларды абаттандыру
• Медициналық менеджмент, технологиялық жобалау
• Кадрларды дайындау және қайта дайындау
• Консалтинг
• Медициналық және курорттық әдебиет
     
   Форумға Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының қолдауымен Қазақстан Республикасының Ұлттық Курорттық Қауымдастығының «Қазақстан Республикасындағы курортология сұрақтары» ғылыми-практикалық және ақпараттық журналының Бірінші нөмірінде материалдар Жинағын шығару жоспарланған.

   «Қазақстан Республикасындағы курортология сұрақтары» журналына мақалаларды ресімдеу ережесі 1 қосымшада берілген. Мақалаға түйіндеме қазақ (ҚР үшін), орыс және ағылшын тілдерінде беріледі.

    Форум материалдарының Жинағына мақалалар 2017 жылдың 1 наурызына дейін қабылданады.
Форумға қатысу үшін Сізден 2017 жылдың 1 наурызына дейін көрсетілген https://goo.gl/forms/W7Qc6X5YlQdDmfeU2 сілтеме бойынша Тіркеу картасын толтыруды немесе 2 қосымшаға сәйкес Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электронды мекен-жайына жіберуіңізді сұраймыз.

   2017 жылдың 20-21 сәуірінде Форумға қатысушылар мен қонақтары үшін «Оқжетпес» шипажайының 50-жылдық мерейтойы құрметіне мәдени іс-шараларды өткізу жоспарланған, оның ішінде курорттық аймақтың көрікті жерлеріне шолу экскурсиясы.

Форумның ғылыми бағдарламасына қатысу  -  тегін.
Форум аяқталғаннан кейін сертификат беріледі.

ФОРУМДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР:
Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы,  Қазақстан Республикасы Ұлттық Курорттық Қауымдастығы.

ҚОЛДАУЫМЕН:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің.

ӨТКІЗІЛЕТІН КҮНІ: 20 -21 сәуір 2017 жыл.
ӨТКІЗІЛЕТІН УАҚЫТЫ: сағат - 09:00 – 18:00.
ӨТКІЗІЛЕТІН ОРНЫ: 021708, Ақмола обл.,  Бурабай ауданы, Бурабай кенті,  «Окжетпес» ЕСК» АҚ санаториі.

Байланыс телефондары: +7 7172 74 94 49, +7 7172 74 94 42, +7 701 900 95 75, +7 701 888 79 81.

Электронды мекен-жайы: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Веб-сайт: www.mcudprk.kz,  www.nkakz.kz
          

Құрметпен,
Ұйымдастыру комитеті

2

 

  • Просмотров: 594

Ведомстволық қарасты ұйымдар

Пайдалы сілтемелер

  • ehealth.kz
www.mcudprk.kz | Copyright © 1929 - 2016. Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының ресми сайты