Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы жыл сайынғы «Денсаулық сақтаудағы HR» конференциясын өткізді

09.12.16

2

    Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесінде басым міндеттердің бірі процесстерге жүйелі, стратегиялық көзқарасы, тиімді шешімдерді қабылдау үшін қажетті заманауи басқарушылық білімдері бар менеджерлердің жаңа буынын даярлау болып табылады.

    Осы тақырыптың өзектілігін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығын мерекелеу аясында 2016 жылғы 8 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының ұйымдастыруымен «Денсаулық сақтаудағы HR: персоналды басқарудың негізгі құралдары» тақырыбында конференция өткізілді.   

    Конференцияның мақсаты кадр саясатының қазіргі заманғы трендтерін ұсыну, Қазақстанның денсаулық сақтау саласында адами ресурстарды басқару мәселелерін талқылау.

обсуждение вопросов

    Конференцияның ресми бөлігін Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығы әкімшілік-құқықтық  басқармасының басшысы Орман Жомарт Болатұлы ашты. Жомарт Болатұлы іс-шара қонақтары мен қатысушыларына арнаған алғысөзінде жиналған қауымды келе жатқан Тәуелсіздік күнімен  құттықтап, 25 жыл ішінде HR-қызметтерінің әдіс-тәсілдері мен міндеттері қаншалықты түбегейлі өзгергенін айтты.

    «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау нарығында кадр ресурстарының жіті тапшылығы байқалуда. Осы салада тек білікті медициналық мамандармен қамтамасыз ету ғана талап етілмейді, сонымен бірге оларды жоспарлаудың жан-жақты әдістерін қолдану да қажет.  Адами ресурстарды жоспарлау – күрделі  процесс. Мұнда саяси, экономикалық, техникалық аспектілерді, кадрлардың біліктілік деңгейін, денсаулық сақтау жүйесінің басымдықтарын және т.б. ескеру қажет» - деп өз сөзінде атап өтті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Ғылым және адами ресурстар департаментінің менеджмент және адами ресурстарды басқару басқармасының басшысы Смаилова Алтынай Нағызханқызы.

    Конференцияда ҚР ПІБ Медициналық орталығы Ауруханасының кадр бөлімінің психологі Өтеева Айман Абуқызы бүгінгі таңда ең өзекті және көптің күткен тақырыптарының бірін ұсынды - «Медициналық қызметкерлердің эмоциялық күйзелісінің алдын алу әдістері».

    «Халықаралық зерттеулерге сәйкес түрлі мамандық иелерінің эмоциялық күйзелісі синдромы әр түрлі болады және 30% до 60% арасындағы көрсеткіштерді белгілейді. Зерттеу деректері бойынша көбінесе бұл дертке хоспис және жедел медициналық жәрдем қызметкерлері шалдығады. Ол медицинаға қызмет ететін әйелдерде анағұрлым жылдам пайда болады. Бұл жағдай біздің күш-қуатымыздың, сезімдеріміздің параличіне әкеп соғатын және өмірге деген қуаныштың жойылуы белгісімен сүйемелденетін азып-тозу  жай-күйі. Біздің заманда күйзеліс синдромы жағдайлары жиі кездесуде» - деп айтты сарапшылар.

    Сондай-ақ конференция барысында медициналық ұйымдарды персоналды бағалау, аттестаттау тәсілдері, персоналды басқарудың қазіргі заманғы әдістері, пациенттермен және олардың отбасы мүшелерімен жүргізілетін жұмыста тиімді коммуникация дамыту бойынша тақырыптар талқыланды.

обсуждены темы

обсуждены темы

обсуждены темы

  • Просмотров: 510

Ведомстволық қарасты ұйымдар

Пайдалы сілтемелер

  • ehealth.kz
www.mcudprk.kz | Copyright © 1929 - 2016. Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының ресми сайты