Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы «НұрОтан» партиясының астаналық «Бірлік» филиалымен бірлесіп, Тәуелсіздіктің құрдастарымен кездесу өткізді

28.11.16

3

    Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығын мерекелеуге арналған іс-шаралар аясында Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы «НұрОтан» партиясының  астаналық «Бірлік» филиалымен бірлесіп, 2016 жылғы    9 қарашада орталық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері – Тәуелсіздіктің құрдастарымен кездесу өткізді.

2

    Іс-шара ҚР ПІБ Медициналық орталығының Ауруханасы базасында өткізілді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының, соның ішінде Аурухананың қызметтері таныстырылды. Іс-шара қонақтарына Аурухананың бөлімшелері туралы фильм көрсетілді және аурухананың ішінде экскурсия ұйымдастырылды. Мемлекеттік қызметшілер ҚР ПІБ Медициналық орталығында көрсетілетін медициналық көмектер мен өзге де қызметтер бойынша өзекті сұрақтар қойып, жауап алды.

    Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілер – Тәуелсіздіктің құрдастары арасында «Ұлт денсаулығы – ел қуаты: болашаққа көзқарас» тақырыбында эссе-конкурс өткізілді.

    Конкурсты қорытындылау 2016 жылғы 26 қарашада ҚР ПІБ Медициналық орталығының «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешенінде өткізілгендіктен, конкурс қатысушыларының барлығын сонда алып бару үшін сапар ұйымдастырылды.

    Эссе-конкурста Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Транзитті және көлік логистикасын дамыту департаментінің сарапшысы Ахметжанов Зейнолла Асқарұлы жеңімпаз атанды.

    Екінші орынды ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің бас сарапшысы Әскеев Әбілхайыр Ғабитұлы мен Республикалық бюджеттің атқарылуы жөніндегі есеп комитетінің сарапшысы Жүнісбеков Бекзат Қуатбекұлы өзара бөлісті.

    Үшінші орынды ҚР Әділет министрлігінің сарапшысы Ахметова Айжан Айнабекқызы мен ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің сарапшысы Түркістанова Аяужан Мұратқызы иеленді.

1

    Сонымен қатар, конкурсқа қатысқандардың барлығы дипломдармен марапатталып, жеңімпаздарға Медициналық орталықтың ведомстволық қарасты ұйымдарында көрсетілетін сауықтыру қызметтерінің сертификаттары табысталды.

4

    Тәуелсіздіктің құрдастары «Оқжетпес» ЕСК қызметімен танысты, спорттық іс-шараларға қатысты, Щучье-Бурабай курорттық аймаққа экскурсияға шықты.

    Жоғарыда аталған іс-шараның шеңберінде «Оқжетпес» ЕСК-де «Ұрпақтар кездесуі» атты дөңгелек үстел өтті, оған Тәуелсіздіктің негізін қалаған мемлекет қайраткерлері Федотова Зинаида Леонтьевна, Трошихин Михаил Васильевич және Тәуелсіздіктің құрдастары қатысты.

5

    Зинаида Леонтьевна Қазақстанның Тәуелсіздік алып, аяққа тұруын әңгімелесе, Михаил Васильевич Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктер туралы әңгімелеп берді.

    Тәуелсіздіктің құрдастары мемлекеттік қызмет ардагерлерімен кездескенде алған әсерлерімен бөлісті, сондай-ақ жас ұрпаққа жүктелетін сенімді ақтауға сөз берісті.

    Кездесуді ұйымдастырушылар мен қатысушылар Медициналық орталық пен «НұрОтан» партиясының «Бірлік» филиалы бірлесіп өткізген іс-шара аясында алдағы уақытта ынтымақтастыққа мүдделі екендерін білдірді.

 

  • Просмотров: 539

Ведомстволық қарасты ұйымдар

Пайдалы сілтемелер

  • ehealth.kz
www.mcudprk.kz | Copyright © 1929 - 2016. Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының ресми сайты