Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы боулингтен турнир өткізді

09.10.17

    Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы жыл сайынғы спорттық жарыстар шеңберінде 7 қазанда боулингтен турнир өткізді.

    Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы басшысының орынбасары Айдар Нұрмұханұлы Дөкенов турнирді ресми түрде ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.


 3
    Жалпы турнирге Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының ведомстволық қарасты ұйымдарының 8 командасы қатысты.

    Турнир нәтижесі бойынша жалпы командалық есепте бірінші орынды «Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы» АҚ командасы, екінші орынды «Орталық клиникалық аурухана» АҚ командасы, ал үшінші орынды «Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығы ауруханасы» РМК командасы иеленді.

    Ерлер арасында үздік ойыншы номинациясын «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» РМК қызметкері Байымбетов Ғалым Сейітханұлы жеңіп алса, қыздар арасында «Орталық клиникалық аурухана» АҚ қызметкері Малаева Марина Анатольевна үздік атанды.

    Ойын жеңімпаздары дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

2

1

  • Просмотров: 86

Ведомстволық қарасты ұйымдар

Пайдалы сілтемелер

  • ehealth.kz
www.mcudprk.kz | Copyright © 1929 - 2016. Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының ресми сайты