Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының президентімен кездесу

25.10.16

    2016 жылғы 21 қазанда Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының басшысы Бенберин Валерий Васильевич Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының президенті , академик Жүріновым Мұрат Жүрінұлымен кездесті.

    Кездесу барысында екі ұйымның қызметі туралы ақпаратпен алмасып, медициналық-биологиялық ғылымдар саласында кейінгі ынтымақтастық бойынша ұсыныстар айтылды.

    Болашақта Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығы мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясы арасында медициналы және биология саласында ғылыми ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою жоспарлануда.

3

    Тараптар мына салаларда өзара ынтымақтастық ниеті туралы келісті:
- жаңа медициналық және ақпараттық технологияларды дамыту саласында тәжірибе алмасу;
- медициналық және басқарушы персоналдың біліктілігін арттыру бойынша бағдарламаларды ұйымдастыру және өткізу: дәрігерлер мен орта медициналық қызметкерлерді дипломнан кейінгі даярлау, дәрігерлерді клиникалық ординатурада, аспирантурада, докторантурада оқыту, PhD, тағлымдамалар ұйымдастыру, диссертациялар қорғау;
- бірлескен ғылыми форумдар ұйымдастыру және өткізу, диссертациялық және ғылыми-клиникалық кеңестердегі өкілдік;
- ғылыми-практикалық ақпаратпен, әдебиетпен, библиографиялық баспалармен алмасу;
- бірлескен ғылыми-зерттеу қызметті дамыту: клиникалық медицина және курортық іс саласында ғылыми зерттеулер өткізу, денсаулық сақтау саласында ғылым мен техниканың ең жаңа жетістіктерін қолдану және халықаралық ғылыми басылымдарда мақала шығарып, халықаралық деңгейде гранттық ғылыми-техникалық бағдарламаларды орындау;
- жобалық шешімдерді әзірлеу және іске асыру үшін бірлескен жұмыс және сарапшылар топтарын, уақытша шығармашылық ұжымдарын қалыптастыру;
- клиникалық медицина және санаторийлік-курорттық салада озық технологияларды пайдалану бойынша практикалық ұсынымдар әзірлеу;
- сараптамалық және консультациялық көмек көрсету;
- ынтымақтастықты ұйымдастыру, үйлестіру және дамытуды мақсат ететін тұрақты әрекет етуші консультациялық кеңес органы бар ынтымақтастық жөніндегі Бірлескен үйлестіру комитетін құру;
- серіктестік, теңдік және өзара мүдде бойынша ынтымақтастықтың өзге де формалары.

  • Просмотров: 471

Ведомстволық қарасты ұйымдар

Пайдалы сілтемелер

  • ehealth.kz
www.mcudprk.kz | Copyright © 1929 - 2016. Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының ресми сайты