Қазақстан халқының тілдері күні мерекесі құтты болсын!

22.09.17

    Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығында (бұдан әрі – Медициналық орталық) Қазақстан Республикасы халқының тілдері күні мерекесі аясында 2017 жылғы 20 қыркүйекте «Мемлекеттік қызметте мемлекеттік тілді дамытудың жаңа әдістері мен жолдары және латын әліпбиіне өту мәселелері» тақырыбында семинар өтті.  Аталған семинарға Медициналық орталықтың басшылығы мен қызметкерлері және ведомстволық қарасты ұйымдардың бірінші басшылары, олардың орынбасарлары, кадр, заң және құжаттама қызметтерінің басшылары, мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі мамандар қатысты.

2

    Іс-шараның мақсаты, біріншіден, Қазақстан халқының тілдерін сақтау мен дамыту арқылы патриоттыққа, бірлік пен толеранттылыққа шақыру, екіншіден, Медициналық орталық пен оның ведомстволық қарасты ұйымдарында мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтудің жаңа әдістері мен жолдарын қарастыру және латын әліпбиіне көшу мәселесі бойынша пікірлесу.

    Медициналық орталық басшысының міндетін атқарушы Төлеғалиева Ажар Ғинятқызы алғы сөзбен семинарды ашып, жиналған қауымды мерекемен құттықтады.  

    Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімінің сектор меңгерушісі Жұмағұлова Шолпан Исабайқызы тілдер мерекесіне орай өз тілегін жеткізді.

4

    Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының директоры, ф.ғ.д. Ербол Ердембекұлы Тілешов тақырып бойынша баяндама жасады.  

    Қазақстан халқының тілдері және басты тіл – мемлекеттік тіл туралы дәйекті ойларын ортаға салды, оның ішінде Елбасының «Қазақстан - 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты жолдауындағы латын графикасына көшу мәселесіне кеңінен тоқталып, көпшіліктің ойындағы сұрақтарға жауап берді.

1

    Медициналық орталықтың әкімшілік-құқықтық басқармасының сарапшысы Каюпова Ұлбала Киікбайқызы тілдер мерекесімен құттықтай келе, мемлекеттік тілдің мәртебесі мен Медициналық орталықтағы және оның ведомстволық қарасты ұйымдарындағы ісқағаздарының, мемлекеттік тілдегі құжат айналымының жай-күйіне тоқталып өтті.

3

    Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығында мемлекеттік тілдің қолданылуын дамыту ісіне елеулі үлес қосып жүргені үшін Е.Е. Тілешовке Медициналық орталықтың басшысы В.В. Бенбериннің Алғысы табысталды.

  • Просмотров: 123

Ведомстволық қарасты ұйымдар

Пайдалы сілтемелер

  • ehealth.kz
www.mcudprk.kz | Copyright © 1929 - 2016. Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының ресми сайты