«Ауа массажы» енді «Оқжетпес» санаторийінің емделушілері үшін де қолжетімді

25.05.17

Лимфастрим

«Оқжетпес» емдік-сауықтыру кешені демалушылар мен емделушілерге «Лимфастим» (Lymphastim) аппаратында пневмо-компрессорлық терапиясынан өтуді ұсынады.

«Лимфастим» - осызаманғы прессотерапиялық аппарат. Ол ұлпаға механикалық әсер етіп, оның салдарынан жасуша сұйығы – лимфодренаждың артық қалдықтарын ығыстырады.

Аталмыш процедураның мәнісі қысылған ауа манжет арқылы беріліп, сөл (лимфа) және күре тамыр (венозная) жүйелеріне әсер етуінде.  

«Лимфастим» майдың ыдырауына жауапты жасуша рецепторларын жандандырады, теріні тазартып, оны оттегімен қоректендіреді. «Лимфастим» процедурасы басқаша «сығымдау массажы» деп те аталады. Тек ол механикалық емес, арнайы аппараттың көмегімен жасалады. Оның арқасында аппаратқа енгізілген бағдарлама әсер ету процессін, жасушалардың тығыздығы мен өткізу қабілеттілігін нақты мөлшерлеп отыруға мүмкіндік береді.  

«Лимфастим»-нің пайдалану өрісі кең. Ол жоғарғы және төменгі аяқ-қол ұштарында қанның тоқтап қалуын емдеу мен алдын алу, варикозды тамырша жұлдызшалары мен аяқтың көктамырларының, варикозды күретамырларының ұлғаюы,  тілменің қабынуы салдары – сөл қайтуының бұзылуы мен шораяқ кезінде, тұз байлану салдарынан буынның қабынуы, «аяқ шаршауы» синдромы, шұғыл ем кезінде күретамыр, көктамыр, лимфажолдардың бұзылуы, төменгі аяқ-қол ұштары мен қоректік бұзылудағы диабетикалық ангиопатияны алдын алу мен емдеу үшін көрсетілген.

  • Просмотров: 118

Ведомстволық қарасты ұйымдар

Пайдалы сілтемелер

  • ehealth.kz
www.mcudprk.kz | Copyright © 1929 - 2016. Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының ресми сайты