«Астана-Гастро 2017» XII Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

21.11.17

1
    Астана қаласында 2017 жылғы 23 – 24 қарашада «Ramada Plaza» қонақ үйінде «Астана-Гастро 2017» XII халықаралық ғылыми-практикалық  конференциясы өтеді.

    Аталған іс-шараға таяу және алыс шет елдерден келетін жетекші мамандардың қатысуы күтілуде, олармен бірлесіп ас қорыту органдарының обыралды ауруларын және обырын ерте анықтау мен алдын алу бойынша өзекті мәселелерді қарастыру жоспарлануда.

    Конференцияға қатысуға басшылар, дәрігерлер-онкологтер, гастроэнтерологтер, химиотерапевтер, радиологтар, эндоскопистер, цитологтер, радиологтер, сәулелік диагностика дәрігерлерін, балалар онкологтерін шақырамыз.

    Жарияланымдар мен конференцияға қатысу тегін.

Өткізу орны: Астана қаласы «Ramada Plaza» қонақ үйі.

Өткізу күні мен уақыты:
2017 жылғы 23 -24 қараша  
Сағат 09:15 – 18:30.

Байланыс телефоны: 8 7172 74 94 42

  • Просмотров: 63

Ведомстволық қарасты ұйымдар

Пайдалы сілтемелер

  • ehealth.kz
www.mcudprk.kz | Copyright © 1929 - 2016. Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының ресми сайты