Ардагерлерді ардақтайық!

04.05.18

«Нұр Отан» партиясы «Бірлік» аумақтық филиалының «Медициналық орталық» бастауыш партия ұйымы мүшелері тыл еңбеккері, зейнеткер Аршагүл Наурызбаеваға үнемі көмектесіп, қолдау көрсетіп тұрады. 2018 жылғы 4 мамырда «Медициналық орталық» бастауыш партия ұйымының мүшелері «Нұр Отан» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» жобасының аясында Жеңіс меркесіне орай Аршагүл апаны құттықтап, хал-жағдайын біліп, қажетті азық-түлігін алып берді.

3

2

Сонау Ұлы Отан соғысының зардабы кім-кімді де есеңгіретіп тастағаны баршаға мәлім. Дей тұрғанмен, елдің әл-ауқатын көтеру үшін соғыстан аман-оралған жандар да, тыл еңбеккерлері де, оның ішінде жасы мен жасамысы да аянып қалмай, тер төгіп, еңбек етті. Аршагүл апа да жастайынан еңбекке араласып, колхозда көп жыл еңбектенген, кейін сатушы болып жұмыс істеген. «Тағдыр басқа салса, көнбеске амал болмайды екен» - деп сөз ала отырып, арыстай үш азаматынан айырылғанын, орны толмас қайғыны бастан өткерген қиын кезеңдерін көзіне жас алып еске алды. Біздің құттықтауымызды аса ықыласпен қабылдап, «НұрОтан» партиясының бастамасына және ҚР ПІБ Медициналық орталық жүйесінің басшылары мен партия мүшелеріне өз алғысын білдірді. Сол кезде тылда еңбек еткен ардагер және зейнеткер анамыз Аршагүл Наурызбаева бүгінде 70 жаста.

4

1

Аршагүл анамызға ешқашан қартаймаңыз, ауырмаңыз, ұзақ өмір сүріңіз деген лебіз-тілектерімізді айтып, кездескенше күн жақсы деп қоштастық. Ардагер әрі еңбеккер ата-әжелерімізді ардақтайық, ұмытпайық, әрқашан қамқор болайық!

  • Просмотров: 423

Ведомстволық қарасты ұйымдар

Пайдалы сілтемелер

  • ehealth.kz
www.mcudprk.kz | Copyright © 1929 - 2016. Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының ресми сайты