2017 жылғы 22 маусымда Астанада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Геронтологтардың II еуразиялық съезін ашты

23.06.17

1

Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының басшысы Валерий Васильевич Берберин  Геронтологтардың II еуразиялық съезінде сөз сөйледі.

2

3

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының, ҚР ПІБ Медицина орталығының басшылығы, Ресей, АҚШ, Ұлыбритания, Жапония, Әзербайжан, Украина, Беларусь және т.б. елдердің жетекші ғылыми орталықтарының өкілдері қатысты.

4

Съезде геронтологияның және гериатрияның өзекті  мәселелері – іргелі,  клиникалық,  медициналық-әлеуметтік проблемалар, белсенді әрі ұзақ өмір сүру, сапалы тұрмыс жайттары, сауықтыру терапиясының ерекшеліктері, адамдарды оңалту жайы, т.б. мәселелер талқыланды.

Мемлекеттік хатшы құттықтау сөзінде 2025 жылға қарай әлемде егде адамдар саны БҰҰ болжамы бойынша 1 млрд. 100 миллионға жететінінатап өтті. Қазақстанда 2012 жыл мен 2016 жыл аралығында жасы 60-тан асқан халық санының үлес мөлшері ең кемі 7%-дан 12%-ға дейін көбейген. Ал адам өмірінің орташа ұзақтығы 72 жастан асты.

Гүлшара Әбдіқалықова Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұзақ өмір сүру жөнінен қол жеткізген деңгейіміз– біздің басты жетістігіміз екенін айтқанын жеткізді.  

Геронтологтардың II еуразиялық съезінде Еуразия кеңістігіндегі геронтологтар қоғамдастықтарының жұмыс тәжірибесін жинақтап қорытуға арналған.

5

6

  • Просмотров: 69

Ведомстволық қарасты ұйымдар

Пайдалы сілтемелер

  • ehealth.kz
www.mcudprk.kz | Copyright © 1929 - 2016. Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының ресми сайты