2016 жылғы 14 қазан «Қазақстан Республикасының туристік әлеуеті» конференциясы

19.10.16

    2016 жылғы 14 қазанда Мәскеу қаласында (Ресей Федерациясы) «Қазақстан Республикасының туристік әлеуеті» тақырыбында  конференция (бұдан әрі - Конференция) өтті.

4

    Осы іс-шараның ұйымдастырушылары:
- Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігі;
- Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігі;
- Ресей Федерациясының Туризм жөніндегі Федералдық Агенттігі  (Ростуризм).

    Мақсаты – нақты туристік өнімдер/пакеттерді қамтитын Қазақстанның туристік индустриясының бар мүмкіндіктерін ұсыну, Қазақстанға ресейлік туристерді тарту, сондай-ақ Қазақстан мен Ресей арасында туризм саласындағы өзара пайдалы ынтымақтастықты дамытуға ықпал ету.

5

    Конференцияның модераторы – Мәскеу сауда-өнеркәсіптік палатасының Туризм және қонақ үйлік бизнес жөніндегі комитетінің төрағасы Абрамов Сергей Николаевич.

    Конференцияға спикерлер ретінде қатысқандар:
1. Иманбаев Болат Борібайұлы – Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің Кеңесші-Елшісі;
2. Бұйрабекова Людмила Витальевна – Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығы басшысының орынбасары;
3. Жақатаев Еркін Исаханұлы – Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілінің орынбасары;
4. Якупбаева Юлия Константиновна – «Атамекен» Қазақстан кәсіпкерлерінің Ұлттық Палатасының Басқарма төрағасының орынбасары, Басқарма мүшесі;
5. Бөлебаева Сәуле – «Астана ЭКСПО – 2017» Ұлттық Корпорациясы» АҚ бас менеджері;
6. Яковина Ольга – National Geographic Traveler журналының Бас  редакторы;
7. Шеримов Роллан Әділетұлы – «Сарыағаш» Емдеу-оңалту кешені Бас директорының орынбасары;
8. Абрахманов Жасқайрат Зейноллаұлы – «Бурабай Даму» ЖШС Бас директоры;
9. Митин Антон Александрович – «AlmatyCityTour» ЖШС Бас директоры;
10. Рей Инна Юрьевна – «Фирма «Саят» ЖШС директоры, Қазақстанның туристік операторлары қауымдастығының президенті;
11. Капарулин Дмитрий Леонидович – «Эйр Астана» АҚ-ның Ресей және ТМД бойынша өңірлік бас менеджері;
12. Макарова Наталья Валерьевна – «Аэрофлот – российские авиалинии» ПАҚ-ның ТМД елдерінде сатылымды дамыту тобының басшысы;
13. Байжаунова Гүлжан Маңғыстауқызы – Маңғыстау облысы Әкімдігінің шығу туризмі бөлімінің басшысы;
14. Жасыбаева Айгүл Алпамысқызы – «Турист» ЖШС шығу туризмі жөніндегі аға менеджер;
15. Веймер Альбина Фридриховна – «Золотой караван» ЖШС Бас директоры;
16. Абайдуллаев Мақсат Серікболұлы  - Қызылорда облысы әкімдігінің Кәсіпкерлік және туризм басқармасының даму бөлімі бастығының міндетін атқарушы;
17. Бокишева Жанат – «Аrnai Tours» ЖШС бас менеджері;
18. Коробейникова Оксана – ТОО «Sky Way Travel» ЖШС жоба басшысы;
19. Куценко Кристина Александровна – «Destinations.kz» ЖШС директоры.

    Конференцияда туризмнің экологиялық, спорттық, емдеу-сауықтыру, танымдық және басқа түрлерін қоса алғанда туристік саланың барлық бағыттары ұсынылды және Конференция жұмысына Ресейдің ең ірі туристік операторлары мен агенттіктері, туроператорлар қауымдастығы, Ресей туриндустриясы одағы қатысты. Конференция аясында  В2В форматында кездесулер ұйымдастырылды.

    Конференция барысында  қонақтар мен қатысушыларға біздің еліміздің туристік саласының бір қатар материалдар ұсынылды, оның ішінде ресейлік қатысушылар арасында жоғары қызығушылық тудырған «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне айрықша назар бөлінген.

    Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы ведомстволық қарасты клиникалар мен санаторийлердің қызметі, олардың қызмет бағытының спектрі туралы бейне фильм ұсынды.

    Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы Ынтымақтастық туралы меморандумның жобасын әзірлеп, Ресей Федерациясы Мәдениет министрлігінің Федералдық Агенттігіне  (Ростуризм) қарау және келісу үшін жіберді.
 
    Өзара түсіністік туралы осы Меморандум аясындағы бірлескен қызмет мына формаларда жүзеге асырылатын болады:
- Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының санаторийлері мен  Ресей Федерациясы санаторийлері арасында тәжірибе алмасу;
- ғылыми-практикалық ақпаратпен, әдебиетпен, библиографиялық баспалармен алмасу;
- мамандармен алмасу, біліктілік арттыру, тағлымдамалар ұйымдастыру;
- Меморандум шегінде ұсынылатын жобалық шешімдерді әзірлеу және іске асыру үшін бірлескен жұмыс және сарапшылар топтарын, уақытша шығармашылық ұжымдарын қалыптастыру;
- кездесулер, ғылыми конференциялар, семинарлар мен симпозиумдар ұйымдастыру және өткізу.

    Конференция міндеттері екі елдің бизнес-қоғамдастықтары арасындағы диалогті нығайту және Қазақстан мен Ресейдің туристік саласының өкілдері үшін байланыс орнату мүмкіндіктерін ұсынуды қамтыды.

    Конференцияның іскерлік бағдарламасы практиканың ең жаңа жетістіктерімен алмасуға және санаторийлік-курорттық саланың заманауи моделін құруға ықпал етті.

    Конференция қатысушыларының пікірі бойынша Қазақстанға келетін туристердің ағымын ұлғайту және осы бағыттағы қызметті жетілдіру үшін санаторийлік-курортық кешендер жұмысын жаңғырту қажет.

    Осы Конференция жалпы Қазақстан Республикасы үшін, сондай-ақ  Ресей Федерациясының туристік операторлары үшін де туристік әлеует саласындағы маңызды іс-шара атанды.

  • Просмотров: 428

Ведомстволық қарасты ұйымдар

Пайдалы сілтемелер

  • ehealth.kz
www.mcudprk.kz | Copyright © 1929 - 2016. Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының ресми сайты