1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күні

30.11.17

1

Құрметті әріптестер!

    Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні – Қазақстанның барлық халқына маңызды мереке. Бүгінгі күні Қазақстан халықаралық келісімі тұрақты қалыптасқан, қоғамдық өмірдің барлық бағыттарында өзгерістерге жеткен, едәуір дамып жатқан экономикасы, білімі және мәдениеті бар мемлекет.  Осы жетістіктердің барлығы Қазақстанның Тұңғыш Президенті және Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен байланысты. Сондықтан,  бұл күн Елбасының гүлдену мен ілгерілеу жолында халықпен тікелей тұтастығын білдіреді. Елбасының халықтың алдындағы жеке жауапкершілік факторы біздің еліміздің маңызды жетістіктерін – бірлік, тұрақтылық пен нық дамуын алдын ала белгіледі.

    Мемлекет басшысы жүргізіп жатқан ішкі және сыртқы сарабдал саясат қарқынды дамып жатқан мемлекеттің құрылуын қамтамасыз етті.

    Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күнімен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге және отбасыларыңызға бейбіт өмір, амандық пен бақ-береке тілеймін. Отанымыз Қазақстан әрқашан гүлдене берсін!

  • Просмотров: 34

Ведомстволық қарасты ұйымдар

Пайдалы сілтемелер

  • ehealth.kz
www.mcudprk.kz | Copyright © 1929 - 2016. Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының ресми сайты