Жаңалықтар

Қазақстан халқының тілдері күні мерекесі құтты болсын!
22.09.2017

    Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығында (бұдан әрі – Медициналық орталық) Қазақстан Республикасы халқының тілдері күні мерекесі аясында 2017 жылғы 20 қыркүйекте «Мемлекеттік қызметте мемлекеттік тілді дамытудың жаңа әдістері мен жолдары және латын әліпбиіне өту мәселелері» тақырыбында семинар өтті.  Аталған семинарға Медициналық орталықтың басшылығы мен қызметкерлері және ведомстволық қарасты ұйымдардың бірінші басшылары, олардың орынбасарлары, кадр, заң және құжаттама қызметтерінің басшылары, мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі мамандар қатысты.

2

    Іс-шараның мақсаты, біріншіден, Қазақстан халқының тілдерін сақтау мен дамыту арқылы патриоттыққа, бірлік пен толеранттылыққа шақыру, екіншіден, Медициналық орталық пен оның ведомстволық қарасты ұйымдарында мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтудің жаңа әдістері мен жолдарын қарастыру және латын әліпбиіне көшу мәселесі бойынша пікірлесу.

    Медициналық орталық басшысының міндетін атқарушы Төлеғалиева Ажар Ғинятқызы алғы сөзбен семинарды ашып, жиналған қауымды мерекемен құттықтады.  

    Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімінің сектор меңгерушісі Жұмағұлова Шолпан Исабайқызы тілдер мерекесіне орай өз тілегін жеткізді.

4

    Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының директоры, ф.ғ.д. Ербол Ердембекұлы Тілешов тақырып бойынша баяндама жасады.  

    Қазақстан халқының тілдері және басты тіл – мемлекеттік тіл туралы дәйекті ойларын ортаға салды, оның ішінде Елбасының «Қазақстан - 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты жолдауындағы латын графикасына көшу мәселесіне кеңінен тоқталып, көпшіліктің ойындағы сұрақтарға жауап берді.

1

    Медициналық орталықтың әкімшілік-құқықтық басқармасының сарапшысы Каюпова Ұлбала Киікбайқызы тілдер мерекесімен құттықтай келе, мемлекеттік тілдің мәртебесі мен Медициналық орталықтағы және оның ведомстволық қарасты ұйымдарындағы ісқағаздарының, мемлекеттік тілдегі құжат айналымының жай-күйіне тоқталып өтті.

3

    Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығында мемлекеттік тілдің қолданылуын дамыту ісіне елеулі үлес қосып жүргені үшін Е.Е. Тілешовке Медициналық орталықтың басшысы В.В. Бенбериннің Алғысы табысталды.

2017 жылғы 22 маусымда Астанада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Геронтологтардың II еуразиялық съезін ашты
23.06.2017

1

Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының басшысы Валерий Васильевич Берберин  Геронтологтардың II еуразиялық съезінде сөз сөйледі.

2

3

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының, ҚР ПІБ Медицина орталығының басшылығы, Ресей, АҚШ, Ұлыбритания, Жапония, Әзербайжан, Украина, Беларусь және т.б. елдердің жетекші ғылыми орталықтарының өкілдері қатысты.

4

Съезде геронтологияның және гериатрияның өзекті  мәселелері – іргелі,  клиникалық,  медициналық-әлеуметтік проблемалар, белсенді әрі ұзақ өмір сүру, сапалы тұрмыс жайттары, сауықтыру терапиясының ерекшеліктері, адамдарды оңалту жайы, т.б. мәселелер талқыланды.

Мемлекеттік хатшы құттықтау сөзінде 2025 жылға қарай әлемде егде адамдар саны БҰҰ болжамы бойынша 1 млрд. 100 миллионға жететінінатап өтті. Қазақстанда 2012 жыл мен 2016 жыл аралығында жасы 60-тан асқан халық санының үлес мөлшері ең кемі 7%-дан 12%-ға дейін көбейген. Ал адам өмірінің орташа ұзақтығы 72 жастан асты.

Гүлшара Әбдіқалықова Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұзақ өмір сүру жөнінен қол жеткізген деңгейіміз– біздің басты жетістігіміз екенін айтқанын жеткізді.  

Геронтологтардың II еуразиялық съезінде Еуразия кеңістігіндегі геронтологтар қоғамдастықтарының жұмыс тәжірибесін жинақтап қорытуға арналған.

5

6

«Ауа массажы» енді «Оқжетпес» санаторийінің емделушілері үшін де қолжетімді
25.05.2017

Лимфастрим

«Оқжетпес» емдік-сауықтыру кешені демалушылар мен емделушілерге «Лимфастим» (Lymphastim) аппаратында пневмо-компрессорлық терапиясынан өтуді ұсынады.

«Лимфастим» - осызаманғы прессотерапиялық аппарат. Ол ұлпаға механикалық әсер етіп, оның салдарынан жасуша сұйығы – лимфодренаждың артық қалдықтарын ығыстырады.

Аталмыш процедураның мәнісі қысылған ауа манжет арқылы беріліп, сөл (лимфа) және күре тамыр (венозная) жүйелеріне әсер етуінде.  

«Лимфастим» майдың ыдырауына жауапты жасуша рецепторларын жандандырады, теріні тазартып, оны оттегімен қоректендіреді. «Лимфастим» процедурасы басқаша «сығымдау массажы» деп те аталады. Тек ол механикалық емес, арнайы аппараттың көмегімен жасалады. Оның арқасында аппаратқа енгізілген бағдарлама әсер ету процессін, жасушалардың тығыздығы мен өткізу қабілеттілігін нақты мөлшерлеп отыруға мүмкіндік береді.  

«Лимфастим»-нің пайдалану өрісі кең. Ол жоғарғы және төменгі аяқ-қол ұштарында қанның тоқтап қалуын емдеу мен алдын алу, варикозды тамырша жұлдызшалары мен аяқтың көктамырларының, варикозды күретамырларының ұлғаюы,  тілменің қабынуы салдары – сөл қайтуының бұзылуы мен шораяқ кезінде, тұз байлану салдарынан буынның қабынуы, «аяқ шаршауы» синдромы, шұғыл ем кезінде күретамыр, көктамыр, лимфажолдардың бұзылуы, төменгі аяқ-қол ұштары мен қоректік бұзылудағы диабетикалық ангиопатияны алдын алу мен емдеу үшін көрсетілген.

Ресей ғалымы Астанада бүйрек ауруларын емдеу мен оны диагностикалаудың  инновациялық әдістері мен осызаманғы технологиялармен таныстырады
17.05.2017

Бүйрек ауруларын емдеу мен оны диагностикалаудың инновациялық әдістері мен осызаманғы технологиялары

Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығына қарасты Ауруханада 22-26 мамыр аралығында «Бүйрек ауруларын емдеу мен оны диагностикалаудың инновациялық әдістері мен осызаманғы технологиялары» атты тақырыпта тренинг өтеді.

Аталмыш шеберлік сынытпы профессор, м.ғ.д., академик И.Павлов атындағы Санкт-Петербург мемлекеттік  медициналық университетінің нефрология және диализ кафедрасының меңгерушісі Есаян Ашот Мовсесович өткізеді.

А.Есаян аталмыш тренинг шеңберінде бүйрек ауруына шалдыққан науқастарды қабылдап, кеңес өткізеді деп жоспарлануда.

http://bmcudp.kz/ru/news/announcements/5022

Қымбатты қазақстандықтар! ҰОС ардагерлері мен Қарулы күштер жауынгерлері!
05.05.2017

1

7 мамыр - Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр - Ұлы Жеңіс мерекесі құтты болсын!

Елбасының жарлығымен осыдан 25 жыл бұрын республикамыздың Қарулы Күштері құрылып, ұлттық армия жасақталды. Содан бері осы күнді жыл сайын Жеңіс мерекесімен бірге атап өту игі дәстүрге айналып отыр.

Бұл күні Қарулы күштер қатарында қызмет еткендер мен сапта жүргендерге құрмет көрсетіледі. Мемлекеттің, қоғамның және әрбір қазақстандықтың қауіпсіздігін қорғаушылар да сондай ілтипатқа ие.

Бұл күні Ұлы Отан соғысы ардагерлері, ерлік пен батылдықтың өлшеусіз үлгісін көрсеткен барлық жерлестеріміз,  Ауғанстанның отты жолдарымен өткен ержүрек жауынгерлер алдында тағзым етіледі.

Екінші дүниежүзілік соғыста ержүрек отандастарымыз жауынгер бабаларының даңқты жолын лайықты жалғастырып, қазақтың қайсар, рухы биік, батыр халық екенін дүние жүзіне тағы бір мәрте дәлелдеп берді. Арын - байрақ, намысын найза еткен ерлердің қаһармандығы аңызға айналды.

Уақыт алмасады, ұрпақтар өзгереді, бірақ Отанға сүйіспеншілік, қажырлылық, ерлік, жауынгерлік рухымыз мызғымас болып қала бермек.

ҰОС ардагерлеріне, жауынгерлерге амандық, денсаулық тілейміз. Еңселеріңіз биік, мерейлеріңіз үстем болсын. Отанға адал, елге қайырымды, отбасына мейірімді болыңыздар. Жүректеріңіз оттай лаулап, жандарыңыз әрдайым жас болсын. Қайратты, мақсатты болыңыздар. Таусылмайтын дәулет, арылмайтын бақыт тілейміз. Шаңырақтарыңыз биік, керегелеріңіз берік болсын.

2

Мамыр айында аталып өтілетін ерлік пен батылдықты мадақтайтын қос мереке тағы да құтты болсын!

«Қазақстан» санаторийі осызаманғы эндоскопиялық қондырғымен жабдықталған
28.04.2017

эндоскопиялық қондырғы

Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқарамасына қарасты Медициналық орталық Ресей Федерациясының Ессентуки қаласындағы курорттық аймақта орналасқан көпфункционалды жылбойғы «Қазақстан» санаторийіне иелік етеді. Санаторий бальнеологиялық және балшықтық емдік қасиеті бар Кавказ Минералды Сулары тобына кіреді.  

Таулы аймақтың таза ауасы, аралас және қылқан жапырақты ормандар, аймақтағы 30-дан астам минералды су түрлері, 130-дан астам бұлақ көзі, бүкіл әлемге белгілі «Ессентуки-4.14, жаңа» және өзінің құрамы бойынша Израильдегі Өлі теңізге өте ұқсас, ал органикалық заттары жағынан одан да асып түсетін Тамбукан көлінің сульфидті-лайлы балшығы - осының барлығы Ессентукидің қайталанбас табиғи емдік қасиеттерге толы ұтымды ерекшеліктері болып табылады. Мұнда жыл сайын 5 000-ға жуық адам демалып, ем-сауықтыру курстарынан өтеді.

Санаторийдің әлемдік стандарттарға сәйкес келетін диагностикалық және ем-сауықтыру базасы бар. Ол қонақтарға толық медициналық тексеруден өтуге және сауығуға мүмкіндік береді.

Демалушылар мен пациенттерге көрсетілетін қызметтер арасында толық және еш ауыртпайтын эндоскопиялық зерттеу де бар. Нақты айтқанда, санаторий тілек білдірушілерге ұйқы безінің, бауырдың, өт қабының ультрадыбыстық диагностикасын, ректороманоскопия (тік ішек зерттеулері) мен эзофагогастородуоденоскопияны (өңеш, асқазан, мен ұлтабардың зерттеулері) өтуді ұсынады.

Эндоскопиялық техниканың дамуына байланысты «Қазақстан» санаторийі шырышты қабықтың жеке элементтерін көруге мүмкіндік беретін «Olympus» фирмасының осызаманғы бейне-эндоскопиялық құрылғысымен жабдықталған.

Эндоскопиялық зерттеу одан кейінгі гистологиялық зерттеуге жөнелту үшін болжамды патологиялық ошақтан дәл көзделген биопсияны алуға мүмкіндік береді. Ол диагнозды растау және пациентті емдеу тактикасын анықтау үшін қажет.

Осызаманғы емдеу-диагностикалық базаның, емдеу бағдарламаларының, сонымен қатар қолайлы климаттық жағдайлардың болуына байланысты «Қазақстан» санаторийі асқорыту органдарының патологиясы бар пациенттерге медициналық оңалту курстарын ұсынуға әзір.  

Минералды сулар пайдаланылатын арнайы процедуралар кешені, диетотерапия, физиотерапевтикалық процедуралар, бальнео және балшықпен емдеу ішек-қарын жолдарының аурулары кезінде қабынуға қарсы ерекше әсер ететін қасиетімен ерекшеленеді.

«Қазақстан» санаторийі өзінің қонақтарына эндоскопия кабинетінің қызметін пайдаланып, демалыстарын толық әрі пайдалы зерттеумен толықтыруға шақырады.

Наурыз – татулық бастауы!
24.03.2017

    Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамына орай Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы (бұдан әрі – Медициналық орталық) 2017 жылғы 17 наурызда Медициналық орталықтың Ауруханасы базасында «Наурыз – татулық бастауы» тақырыбында мерекелік шара өткізді. Наурыз мейрамы әлемге жылулық әкеледі, күн мен түн теңеледі. Бұл мереке, ең алдымен, ұлттық салт-дәстүрді сақтауға, Қазақстан халқының бірлігі мен достығына қызмет етеді.

5

    Аталған шара Медициналық орталықта және оның ведомстволық қарасты ұйымдарында еңбек ететін, татулығы жарасқан түрлі ұлттың салт-дәстүрімен және ән-биімен танысып, Наурыз мейрамын бірге мерекелеуге бағытталған. Сондықтан, әр ведомстволық қарасты ұйым концерттік шағын қойылымдардан бөлек наурыз дастарханы бойынша кішігірім байқау сынына түсті. Мерекелік шараның қорытындысында ведомстволық қарасты ұйымдар түрлі номинациялар бойынша дипломдармен марапатталып,  алғыстар жарияланды.

7

    Мерекелік шара аясында «Ең дәмді дастархан» номинациясымен Медициналық орталықтың Ауруханасы, «Ең әдемі ұлттық киім» – Медициналық орталықтың Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы, «Ең үздік би» – Медициналық орталықтың «Қарлығаш» балабақшасы, «Ең үздік қойылым» – Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы, «Ең үздік ән» – «Оқжетпес» ЕСК марапатталды.

2

8

    Бұған қоса, аталған ұйымдардың ұжымына және шараның жүргізушілеріне Наурыз мейрамын мерекелеуді ұйымдастыру мен өткізуге белсенді қатысқандары үшін алғыс жарияланды.

3

4

    Сонымен қатар, Медициналық орталық пен оның ведомстволық қарасты ұйымдарының ұжымы 2017 жылғы 18 наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы өткізген «Наурыз думан - 2017»  мерекелік шарасының ұйымдастырылуы мен өткізілуіне белсенді қатысып, «Табақ тарту» байқауында ІІІ орын дәрежесіндегі дипломмен марапатталды. 

    Көктемнің, еңбек пен жаңарудың мерекесі – Ұлыстың ұлы күні әр шаңыраққа бақ-береке, ырыс-ынтымақ әкелсін! Мәңгілік еліміздің жұлдызы биік болсын!

6

 
 

 

Пресс-релиз. Əдеп жөніндегі уəкіл жиналыс өткізді
15.02.2017

    Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығының Әдеп жөніндегі уәкілі Жомарт Болатұлы Орман 2017 жылғы 15 ақпанда әкімшілік мемлекеттік қызметкерлер үшін мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы бұзушылық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін сақтау  мәселелері бойынша жиналыс өткізді.

    Кездесу барысында Жомарт Орман Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік әзірлеген, мемлекеттік қызметшілердің киім үлгісіне қатысты негізгі талаптар жөніндегі ұсыныстарымен бөлісті, сонымен бірге мемлекеттік қызметшілер алған сыйлықтарды қандай мерзімде және қайда тапсыруды түсіндірді.  

4

    Бұдан тыс, әдеп жөніндегі уәкіл Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің сұрақтарына жауап берді және «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 472-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, тұлғаға келіп түскен сыйлық түріндегі мүлікті уәкілетті органға толығымен және (немесе) уақытында тапсырмағаны үшін мемлекеттік қызметтерді орындайтын уәкілге немесе оған теңестірілген тұлғаға, сондай-ақ оның отбасы мүшелеріне, егер бұл әрекеттерден қылмыстық жазалаушы әрекеттер белгісі табылмаса, әкімшілік-құқықтық жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.

Ұлт денсаулығы – ел қуаты: болашаққа көзқарас» атты конкурс өткізу жөнінде баспасөз хабарламасы
09.11.2016

    Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығын мерекелеуге арналған іс-шаралар аясында Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы   (бұдан әрі – Медициналық орталық)  «Нұр Отан» партиясының  астаналық «Бірлік» филиалымен бірлесіп, 2016 жылғы 9 қарашада Медициналық орталық Ауруханасының базасында орталық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері – Тәуелсіздіктің құрдастарымен кездесу ұйымдастырып, Медициналық орталықтың ведомстволық қарасты ұйымдары көрсететін қызметтердің презентациясын өткізеді.  

    Сонымен бірге, орталық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында «Ұлт денсаулығы – ел қуаты: болашаққа көзқарас» тақырыбында эссе конкурсын және Тәуелсіздіктің негізін қалаған мемлекет қайраткерлерінің, «Нұр Отан» партиясы ардагерлерінің, «Бірлік» филиалының Саяси кеңесі бюросы мүшелерінің және Тәуелсіздік құрдастарының қатысуымен дөңгелек үстел өткізу жоспарлануда.

    Эссе конкурсының қорытындысы және дөңгелек үстел «Оқжетпес» ЕСК» АҚ санаторийінің базасында өтетін болады.


 

Өткізу орны мен уақыты: Астана қаласы, Е 495 көше, ҚР ПІБ Медициналық орталығы Ауруханасының мәжіліс залы,  2016 жылғы 9 қараша, сағат 15.00.

Қатысушыларды тіркеудің басталуы: сағат 14.30.

ҚР ПІБ Медициналық орталығының санаторийлері «Мен Қазақстанды сүйемін» атты фотоконкурстың жеңімпаздарын демалысқа және емделуге жібереді
25.10.2016

    ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған Қазақстандық-Қытай туристік форумы аясында ҚР ПІБ Медициналық орталығының демеушілігімен өткен «Мен Қазақстанды сүйемін» атты фотоконкурс өз мәресіне жетті.

    Үздік жұмыстар иелеріне еліміздің көркем жерлерінде орналасқан санаторийлерге жолдамалар сыйға тартылады.
Конкурс қорытындысы бойынша жүлделі орындары төмендегідей бөлінді:
- «Алматы» санаторийіне 2 адамға 7 күндік жолдаманы «Almaty region field» жұмысымен Александр Власюк иеленді.  

1

- «Оқжетпес» емдеу сауықтыру кешеніне 2 адамға 7 күндік  жолдама «Балалық шақ – өмірдің асылы» атты жұмыстың иесі Гүлнәр Аңсағанованың еншісіне бұйырды.

2

      «Мен Қазақстанды сүйемін» атты фотоконкурсқа жылпы 98 қатысушыдан 655 фотожұмыс келіп түсті. «Көрермендер көзайымы» номинациясында қазылар алқасы іріктеп алған 100 сурет қатысады, оның жеңімпазы сыйлық ретінде ҚР ПІБ Медициналық орталығының «Балқаш» емдеу сауықтыру кешеніне 2 адамға 7 күндік жолдама алады.  

    Осы номинацияның жеңімпазы 2016 жылғы 11 қазаннан 11 қарашаға дейін «Атамекен» ҰКП Facebook әлеуметтік желісіндегі  (#ЯлюблюКазахстан бірыңғай хэштегпен) ресми парағында ашық дауыс беру арқылы анықталатын болады.

 30 тамыз- Қазақстан Республикасының Конституциясы күні
07.09.2017

    Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы Қазақстан Республикасының Конституциясы күні құрметіне Медициналық орталықтың ауруханасы базасында салтанатты жиын өткізді.

    ҚР ПІБ Медициналық орталығының басшысы В.В.Бенберин Қазақстан Республикасының негізгі заңына арналған жиынды салтанатты түрде ашып, Медициналық орталықтың және оның ведомствалық қарасты ұйымдарының қызметкерлерін құттықтады.

30

    Сондай-ақ ,әкімшілік-құқықтық басқарманың басшысы Жомарт Болатұлы Орман Қазақстан Республикасы Конституциясының қалыптасу тарихы туралы баяндама жасады.

30

    Медициналық орталықтың басшысы В.В.Бенберин «Нұр Отан» партиясының жаңа мүшелеріне салтанатты түрде партия билеттерін табыстады.

30

30

    ҚР Президенті  Іс Басқармасының Медициналық орталығы бүкіл қазақстандықтарды Конституция күнімен шын жүректен құттықтайды және зор денсаулық , баянды бақыт пен өсіп-өркендеуді  тілейді.

Құрметті медициналық қызметкерлер!
20.06.2017

Сіздердің бүгінгі кәсіби мерекелеріңізде Сіздерге тынымсыз еңбектеріңіз және мейірімді ашық жүректеріңіз үшін көптеген жылы лебіздерімізді айтып, алғыс сөздерін жолдағымыз келеді. Сіздердің кәсіптеріңіз – ең  мейірімді әрі жасампаз мамандықтардың бірі, Сіздер адамдарға денсаулық, өмір шаттығын сыйлайтын, ал оның орнына пациенттер мен жақын адамдардың жүзінен шынайы бақыт пен ризашылық белгісін  көріп қуанатын жансыздар!

Сіздерге адами, рухани қасиеттеріңіз, мейірімділік пен тілектестіктеріңіз үшін бас иіп, үлкен рахмет дейміз!  
    
Сіздерге дендеріңізге саулық, қарапайым адами бақыт, отбасыларыңызға береке мен татулық және кәсіби өркендеуді тілейміз!

1

Медициналық қызметкер күнін мерекелеу аясында ҚР Президенті Іс Басқарушысының орынбасары Баттақов Ерлан Еркінұлы және ҚР Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының басшысы Бенберин Валерий Васильевич ведомстволық қарасты ұйымдардың медициналық қызметкерлерін құттықтап, еңбегіне лайықты наградалармен және грамоталармен марапаттады.

2

Ставрополь аймағының белгілі шипажайлары мен Астана қаласын тікелей әуерейс байланыстырады
18.05.2017

2 маусымнан бастап аптасына екі рет - дүйсенбі мен жұма күндері орындалатын жазғы маусымға арнайы ашылған Астана-Минеральные Воды тікелей әуе рейсы бойынша жолаушылар тасымалы орындала бастайды.

Ресейдің танымал бальнеологиялық және балшықты курорттары саналатын Кавказ Минералды Сулары тобына Ессентуки, Кисловодск пен Железноводск қалалары кіреді.

Астана-Минеральные Воды тікелей әуе рейсы

Ессентуки қаласында «Қазақстан» көпфункционалды шипажайы орналасқан. Ол жыл сайын 5000 демалушыға қызмет көрсетеді.

«Қазақстан» шипажайының емдік-диагностикалық бөлімшесі заманауи медициналық құрылғылармен жабдықталған, ал жоғарытәжірибелі мамандар шипажайда науқастарды қабылдап, кеңес береді.    

Шипажайда ем-дом қызметін көрсету кезінде ас қорыту мүшелері мен зат алмасуының бұзылуына ерекше мән беріледі. Сонымен қатар, сүйек-бұлшықет жүйесі, жүйке аурулары, қан айналымының бұзылуы, бүйрек пен несепбөлу жолдарының ауруы, гинекологиялық және урологиялық ауруларды емдеу түрлері жүргізіледі.

Литвалық профессор қант диабетіндегі семіздікті емдеу үшін жасалатын бариатрикалық ота жасау тәжірибесімен бөліседі
16.05.2017

Профессор из Литвы поделится опытом бариатрического оперирования

Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығына қарасты Ауруханада 22-26 мамыр аралығында «2-ші үлгідегі асқынған қант диабеті кезіндегі семіздікті емдеу үшін жасалатын бариатрикалық ота жасаудың хирургиялық және анестезиологиялық көріністері» тақырыбында тренинг өтеді.

Шеберлік сабағын профессор, Литваның денсаулық ғылымдары институтының (Каунас қаласы) азинвазивты хирургия және асқазан-ішек хирургиясы секторының меңгерушісі Алмантас Малецкас өткізеді.

Сонымен қатар А.Малецкас тренинг шеңберінде артық салмақты және қант диабетіне шалдыққан пациенттерді қабылдап, кеңес береді.

http://bmcudp.kz/ru/news/announcements/5021

Қазақстандық дәрігерлер қан мен оның құрамдас бөліктеріне әсер етудің инновациялық әдістерін игеруде
02.05.2017

гравитациялық хирургия орталығы

Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасына қарасты ауруханада экстракорпоралды гемокоррекцияның озық және тиімді әдістері қолданылатын осызаманғы гравитациялық хирургия орталығы қызмет етуде.

2015 жылдың қараша айында ашылған экстракорпоралды гемокоррекция бөлімі тіркелген құрамға, сонымен қатар ақылы түрде және келісім негізінде тұрғындарға қызмет көрсетеді. 2017 жылдан бастап тегін медициналық көмек көрсетудің кепілді мөлшері шеңберінде бағдарламалық гемодиализ қызметін ұсыну қолға алынды.  

Экстракорпоралды гемокоррекция медицинаның ең жаңашыл бағыттарының бірі болып саналады. Ол дәрі-дәрмекпен емдеу кезінде пациенттің жағдайы мен көңіл-күйінің бір қалыпқа келуін жақсартуда таптырмас көмекші.

Гемокоррекция немесе қанның гравитациялық хирургиясы ауру түрлерін емдеудің озық әдістерін біріктіреді. Аурудың түрлі даму түйіндеріне әсер ете отыра, қан жасушаларының қасиеттерін өзгертуден бастап, олардың циркуляторлық арнасындағы сандық мөлшеріне дейін әсер ете алады. Демек, аурудың даму процессі мен патологияның ілгерілеуі бәсеңсиді.

Экстракорпоралды гемокоррекция процедуралары осызаманғы «HaemoneticsMCS» (США), «Dialog+ BBraun» мен «Multifiltrate» (Германия) жабдықтарымен өткізіледі. Олардың барлығы сертификатталған. Аталмыш аппараттармен детоксикацияның (қан тазарту) инновациялық әдістері өткізіледі және аутоиммунды сырқаттарды (ревматоидты артрит, гравис миастениясы, жүйелі қызыл жегі, Крон ауруы) емдеу кезінде пайдаланылады.

Нақтырақ айтқанда, «Юлия» аппаратында қанды ультракүлгін сәулелерімен емдеу өткізіледі. Ол бактериялар мен вирустарды залалсыздандырып, иммунитет пен ағзаның тән емес резистенттілігін (төзімділігін) күшейтеді.

«Озон УМ-80» аппаратында адам ағзасын медикаменттік емес жолмен қалпына келтіру мен емдеу өткізіледі. Антибиотиктерге төтиеп беретін герпес, А,В,С геппатиттері сынды вирустардың өзіне әсер ететін жоғары антисептикалық қасиетке тән.  

Озонды ағзаға енгізу қанда оттегі құрамын көбейтеді және барлық мүшелер мен ұлпалардың қанмен қамтамасыз етілуін жақсартады, ағзаның қорғаушылық белсенділігін 10 есеге арттырады. Озон ұйқы қашуды, стресс пен созылмалы шаршағыштық белгілерін жояды.

Диффузиялау арқылы ағзаны төменгімолекулырлық заттардан арылту үшін «Dialog+» фирмасының «BBraun» аппараты қолданылады. Аталмыш ем созылмалы бауыр жеткіліксіздігін емдеу кезінде қолданылуға арналған.

Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймыз
27.04.2017

7

Құрметті отандастар! Сіздерді мемлекеттік мереке - 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз.

Халқымыздың барлық жетістіктері мен жеңістерінің мызғымас тұғыры татулық пен тұтастық екені аян. Түрлі ұлт өкілдері бір шаңырақ пен тудың астында еңселі ел, іргелі мемлекет болып, баянды ғұмыр кешуде.

Жаңғырған Ұлы Дала елінің əрбір үйі бейбітшілікте күн кешіп, өркендей берсін. Барлықтарыңызға зор денсаулық, таусылмас күш-қуат, еңбектеріңізге жеміс, ұзақ ғұмыр, шаңырақтарыңызға шаттық, құт-береке тілейміз!

Наурыз құтты болсын!
19.03.2017

Құрметті достар!

    Сіздерді 22 наурыз Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекемізбен баршаңызды құттықтаймыз!!! Жаңа Жыл от басымызға жақсылық, дастарқанымызға құт-береке алып келсін!!! Жан ұяңызға тыныштық және бақыт тілейміз, табыстарыңызға, жұмыстарыңызға жеміс тілейміз!

Ізгі тілекпен,
Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы

1

Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы жыл сайынғы  «Денсаулық сақтаудағы HR» конференциясын өткізді
09.12.2016

2

    Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесінде басым міндеттердің бірі процесстерге жүйелі, стратегиялық көзқарасы, тиімді шешімдерді қабылдау үшін қажетті заманауи басқарушылық білімдері бар менеджерлердің жаңа буынын даярлау болып табылады.

    Осы тақырыптың өзектілігін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығын мерекелеу аясында 2016 жылғы 8 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының ұйымдастыруымен «Денсаулық сақтаудағы HR: персоналды басқарудың негізгі құралдары» тақырыбында конференция өткізілді.   

    Конференцияның мақсаты кадр саясатының қазіргі заманғы трендтерін ұсыну, Қазақстанның денсаулық сақтау саласында адами ресурстарды басқару мәселелерін талқылау.

обсуждение вопросов

    Конференцияның ресми бөлігін Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығы әкімшілік-құқықтық  басқармасының басшысы Орман Жомарт Болатұлы ашты. Жомарт Болатұлы іс-шара қонақтары мен қатысушыларына арнаған алғысөзінде жиналған қауымды келе жатқан Тәуелсіздік күнімен  құттықтап, 25 жыл ішінде HR-қызметтерінің әдіс-тәсілдері мен міндеттері қаншалықты түбегейлі өзгергенін айтты.

    «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау нарығында кадр ресурстарының жіті тапшылығы байқалуда. Осы салада тек білікті медициналық мамандармен қамтамасыз ету ғана талап етілмейді, сонымен бірге оларды жоспарлаудың жан-жақты әдістерін қолдану да қажет.  Адами ресурстарды жоспарлау – күрделі  процесс. Мұнда саяси, экономикалық, техникалық аспектілерді, кадрлардың біліктілік деңгейін, денсаулық сақтау жүйесінің басымдықтарын және т.б. ескеру қажет» - деп өз сөзінде атап өтті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Ғылым және адами ресурстар департаментінің менеджмент және адами ресурстарды басқару басқармасының басшысы Смаилова Алтынай Нағызханқызы.

    Конференцияда ҚР ПІБ Медициналық орталығы Ауруханасының кадр бөлімінің психологі Өтеева Айман Абуқызы бүгінгі таңда ең өзекті және көптің күткен тақырыптарының бірін ұсынды - «Медициналық қызметкерлердің эмоциялық күйзелісінің алдын алу әдістері».

    «Халықаралық зерттеулерге сәйкес түрлі мамандық иелерінің эмоциялық күйзелісі синдромы әр түрлі болады және 30% до 60% арасындағы көрсеткіштерді белгілейді. Зерттеу деректері бойынша көбінесе бұл дертке хоспис және жедел медициналық жәрдем қызметкерлері шалдығады. Ол медицинаға қызмет ететін әйелдерде анағұрлым жылдам пайда болады. Бұл жағдай біздің күш-қуатымыздың, сезімдеріміздің параличіне әкеп соғатын және өмірге деген қуаныштың жойылуы белгісімен сүйемелденетін азып-тозу  жай-күйі. Біздің заманда күйзеліс синдромы жағдайлары жиі кездесуде» - деп айтты сарапшылар.

    Сондай-ақ конференция барысында медициналық ұйымдарды персоналды бағалау, аттестаттау тәсілдері, персоналды басқарудың қазіргі заманғы әдістері, пациенттермен және олардың отбасы мүшелерімен жүргізілетін жұмыста тиімді коммуникация дамыту бойынша тақырыптар талқыланды.

обсуждены темы

обсуждены темы

обсуждены темы

ҚР ПІБ Медициналық орталығы қытайдың дәстүрлі медицинасындағы әріптестерінің тәжірибесін қолдануға дайын
04.11.2016

1

    Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы, Beijing Tong Ren Tang Europe Holding B.V. корпорациясы және «СИТИК ҚАЗАҚСТАН» ЖШС қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп ҚР ПІБ баспасөз қызметі хабарлайды.

    Меморандумның мақсаты денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты дамыту және нығайту болып табылады.

    Ынтымақтастық аясында қатысушылар:  ұйымдардың практикалық қызметіне ең тиімді емдеу-диагностикалық әдістерді енгізу бойынша жәрдемдесу; денсаулық  сақтау, Қытайдың  дәстүрлі  медицинасы және олармен сабақтас бағыттар саласында персоналды оқытудың бірлескен жобаларын  ұйымдастыру; медициналық және басқа мамандармен алмасу секілді денсаулық сақтаудың өзекті мәселелері бойынша жұмыс жүргізу ниетін білдірді.

    Сондай-ақ шеберлік кластарын, ғылыми-практикалық конференциялар және басқа да іс-шаралар ұйымдастыру бойынша бірлескен жұмыс жоспарланып отыр.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының  президентімен кездесу
25.10.2016

    2016 жылғы 21 қазанда Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының басшысы Бенберин Валерий Васильевич Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының президенті , академик Жүріновым Мұрат Жүрінұлымен кездесті.

    Кездесу барысында екі ұйымның қызметі туралы ақпаратпен алмасып, медициналық-биологиялық ғылымдар саласында кейінгі ынтымақтастық бойынша ұсыныстар айтылды.

    Болашақта Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығы мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясы арасында медициналы және биология саласында ғылыми ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою жоспарлануда.

3

    Тараптар мына салаларда өзара ынтымақтастық ниеті туралы келісті:
- жаңа медициналық және ақпараттық технологияларды дамыту саласында тәжірибе алмасу;
- медициналық және басқарушы персоналдың біліктілігін арттыру бойынша бағдарламаларды ұйымдастыру және өткізу: дәрігерлер мен орта медициналық қызметкерлерді дипломнан кейінгі даярлау, дәрігерлерді клиникалық ординатурада, аспирантурада, докторантурада оқыту, PhD, тағлымдамалар ұйымдастыру, диссертациялар қорғау;
- бірлескен ғылыми форумдар ұйымдастыру және өткізу, диссертациялық және ғылыми-клиникалық кеңестердегі өкілдік;
- ғылыми-практикалық ақпаратпен, әдебиетпен, библиографиялық баспалармен алмасу;
- бірлескен ғылыми-зерттеу қызметті дамыту: клиникалық медицина және курортық іс саласында ғылыми зерттеулер өткізу, денсаулық сақтау саласында ғылым мен техниканың ең жаңа жетістіктерін қолдану және халықаралық ғылыми басылымдарда мақала шығарып, халықаралық деңгейде гранттық ғылыми-техникалық бағдарламаларды орындау;
- жобалық шешімдерді әзірлеу және іске асыру үшін бірлескен жұмыс және сарапшылар топтарын, уақытша шығармашылық ұжымдарын қалыптастыру;
- клиникалық медицина және санаторийлік-курорттық салада озық технологияларды пайдалану бойынша практикалық ұсынымдар әзірлеу;
- сараптамалық және консультациялық көмек көрсету;
- ынтымақтастықты ұйымдастыру, үйлестіру және дамытуды мақсат ететін тұрақты әрекет етуші консультациялық кеңес органы бар ынтымақтастық жөніндегі Бірлескен үйлестіру комитетін құру;
- серіктестік, теңдік және өзара мүдде бойынша ынтымақтастықтың өзге де формалары.

Баланы мектепке дайындаймыз!
21.08.2017

1

    Жаңа оқу жылы қарсанында Тұңғыш Президент Музейінде «Медициналық орталық» бастауыш партия ұйымының мүшелері төрт көпбалалы отбасының балаларына оқушы рюкзактары мен кеңсе заттарын салтанатты тарту етті. Осы іс-шара «Нұр Отан» партиясының «Бақытты отбасы - Бақытты балалық шақ» - «Счастливая семья - Счастливое детство» атты жобасын және «Баланы мектепке дайындаймыз»  қайырымдылық акциясын іске асыру аясында өткізілді.  

    «Нұр Отан» партиясы төрағасының орынбасары Ч.Ш. Қожахметов және Тұңғыш Президент Музейі директорының орынбасары А.М. Рахымжанов балалар мен олардың ата-аналарын құттықтады. Балалар және олардың ата-аналары  «Нұр Отан» партиясына алғысын айтты. Іс-шара Музейге экскурсиямен аяқталды.

«Балаларды қорғау күні» құтты болсын!
01.06.2017

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы «Нұр Отан» партиясының «Бірлік» филиалымен бірлесіп, Астана қаласы әкімдігінің №2 «Оңалту орталығы» ММ-ның және көпбалалы отбасылардың балаларын құттықтады.

5

Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында, сонымен бірге «Бақытты балалық» - «Счастливое детство» жобасын іске асыру шеңберінде «Медициналық орталық» пен «Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы» бастауыш партиялық ұйымдарының партия мүшелері Оңалту орталығының және көпбалалы отбасылардың балаларын құттықтады.

4

3

Балаларға жүрекжарды тілектермен бірге дамытатын ойыншықтар сыйланды және тәттілер үлестірілді.  

1

Оңалту орталығының балалары шағын сахналық қойылым көрсетті, ән салып би биледі, өлең оқыды.

2

Оңалту орталығының басшысы мен кішкентай пациенттердің ата-аналары Медициналық орталықтың басшылығына және «Нұр Отан» партиясының «Бірлік» филиалына көрсеткен қамқорлықтары және балаларға деген көңілдері үшін алғыстарын білдірді.
 
Сонымен қатар, көпбалалы отбасылар, яғни жалғыз өздері алты бала тәрбиелеп отырған Айнұр Алтыбаеваның және Гүлбахыт Нұржанованың балаларына да кітаптар мен дамыту құралдары, ойыншықтар және азық-түлік сыйға тартылды. Қуаныш пен шаттыққа бөленген ата-аналар мен балалар алғыстарын білдірді. 

7

6

8

Президент ауруханасының дәрігерлері Қостанайда науқастарды тегін қабылдайды
18.05.2017

1

Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығына қарасты Аурухананың жоғарытәжірибелі дәрігерлері (кардиохирург, қан тамыры хирургы, кардиолог) 25-26 мамыр күндері Қостанай қаласында облыстық аурухананың кеңестік емханасында науқастарды тегін қабылдайды.

 http://bmcudp.kz/ru/news/announcements/5086

Литваның бас реабилитологы Астанада кардио және нейрореабилитация сұрақтары бойынша кеңес өткізеді
15.05.2017

Главный реабилитолог Литвы в Астане проведет прием и консультации по кардио- и нейрореабилитации

Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығына қарасты Ауруханада 15-26 мамыр аралығында менторлық – тәлімгерлік тәжірибемен алмасу бойынша «Кардиология, травматология мен неврологиядағы реабилитациялық (оңалту) бағдарламалар» тақырыбында семинар өтеді.

Басты шақырылған лектор – профессор, м.ғ.д., Литваның денсаулық ғылымы институтының (Каунас қаласы) реабилитация Клиникасының нейроребилитация бөлімінің жетекшісі Раймондас Савицкас.

Дәрігер тәлімгерлік курсы шеңберінде кардио және нейрореабилитация мен ортопедиалық операциядан кейін пациенттерді оңалту бағдарламалары бойынша қабылдау жүргізіп, кеңес береді.

Аталмыш тәлімгерлік бағдарлама реабилитолог және ЕДШ дәрігерлері, терапевт, невролог дәрігерлері мен емделушілерді оңалту кезінде қосылатын басқа да мамандардың медбикелеріне де қызықты болады.

http://bmcudp.kz/ru/news/announcements/5049

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫНЫҢ САНАТОРИЙЛЕРІ «KITF» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ
28.04.2017

kitf

kitf

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасына қарасты «Алматы», «Оқжетпес», «Қазақстан» санаторийлері Алматы қаласында 19-21 сәуір аралығында өткен «KITF» 17-нші халықаралық «Туризм мен Саяхат» атты көрмеге қатысты.

Нақты айтқанда, Ресейдің Ессентуки қаласындағы «Қазақстан» санаторийі аталмыш көрмеге Ресей Федерациясының Сауда өкілеттілігімен біріккен Ставрополь өңірі өкілдерінің құрамында қатысты. «Ставрополь өңірі, Кавказ Минералды Сулары» стендінде аймақтағы санаторлық-курорттық және туристтік кешендер, соның ішінде «Қазақстан» санаторийінің жетістіктері көрермендер назарына ұсынылды. Сонымен қатар, өңірдің Кавказ Минералды Сулары экологиялық-курорттық аймақта демалу мен емделудің бәсекелестік артықшылары көрмені тамашалаушыларға таныстырылды.

«Оқжетпес» пен «Алматы» санаторийлері «Туризм және Саяхат» көрмесінде алдағы ем-сауықтыру маусымынан толыққанды ақпарат беретін жарнамалық өнімдерін ұсынды.

kitf

«KITF»-2017 экспозициясын 30 елден жиналған 500-ден астам қатысушы-компания ұсынды.

Орталық Азияның ірі туристтік форумы саналатын «KITF»-2017 халықаралық көрмесі тағы бір мәрте көрермендер назарына алдағы жаңа жаз маусымының мүмкіндіктері мен туризм индустриясындағы жаңашыл трендттерді, саланың тенденциялары мен стратегияларынан сыр шертті.

kitf

kitf

«Бурабай» курорттық аймағында «Шипажай-2017» ІІ халықаралық форумы өтті
21.04.2017

2

ҚР Президенті Істері Басқармасының Медициналық орталығы ҚР Ұлттық Курорттық Қауымдастығымен бірлесе отырып, 20-21 сәуірде «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру орталығында (ЕСО) шипажай-курорттық көмекті дамыту мәселелері бойынша «Шипажай-2017» ІІ Халықаралық ғылыми-практикалық Форумын өткізді. Аталмыш Форум «Оқжетпес» шипажайының құрылуының 50 жылдығына арналды.

10

Форум аясында курорт ісінің менеджменті, Қазақстан шипажайларын аккредитациялау, шипажай-курорттық ұйымдарды дамыту, курортология дәстүрін сақтау және көбейту, курорт ісі мамандарының кәсіби білімін арттыру сияқты бағыттарды қамтитын конференциялар, ғылыми семинарлар, дөңгелек үстел ұйымдастырылып, өткізілді.

Форумда Қазақстанның әр түрлі өңірлерінен және шетелдерден келген ірі ғылыми-зерттеу институттарының, медициналық оңалу орталықтарының, шипажай-курорттық мекемелерінің өкілдері сөз сөйлеп, баяндама жасады, пікір алмасып, тәжірибелерімен бөлісті.

Форум жұмысына медициналық оңалу, кардиология,  урология, онкология, гинекология, курортология, физиотерапия, емдік дене шынықтыру және массаж саласындағы Германиядан, Чехиядан, Италиядан, Ресейден келген жетекші мамандар қатысты.

Форум аясында сондай-ақ шипажай-курорттық ұйымдардың және фармацевтикалық өнім өндірушілерінің көрмесі ұйымдастырылды.

Сондай-ақ Форум жұмысына арналып «Қазақстан Республикасындағы курортология мәселелері» атты ғылыми-практикалық және ақпараттық журналдың алғашқы нөмірі шығарылды.
         
«Шипажай-2017» Форумы – курорттық және қалпына келтіру медицинасы саласындағы қазіргі жетістіктерді, сондай-ақ сауықтырудың жаңа технологияларының алдағы әзірлемелерін ұсына отырып, іскерлі байланыстарды дамыту және шипажай-курорттық емдеудің, медициналық оңалтудың, спорттық медицинаның, курорттық бизнес индустриясының қазіргі технологияларын дамытуда тәжірибе алмасу үшін бірегей пікірталас алаңшасы екенін естеріңізге саламыз.

14

13

7

17

3

19

6

18

15

11

22

8

5

12

4

9

20

21

1

«ШИПАЖАЙ-2017» Халықаралық ғылыми-практикалық Форумы 20-21 сәуір 2017 жыл Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Бурабай кенті
28.02.2017

1

Құрметті әріптестер!

    Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы Қазақстан Республикасының Ұлттық Курорттық Қауымдастығымен бірге өзінің ілтипатын білдіре отырып, 2017 жылдың      20-21 сәуірінде өтетін «ШИПАЖАЙ-2017» халықаралық ғылыми-практикалық Форумына (бұдан әрі - Форум) құрметті қонақ, баяндамашы және қатысушы ретінде қатысуға шақырады.
Форумды Бурабай курорттық аймағының орталығында орналасқан «Қазақстанның інжуі» «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешенінде өткізу жоспарланып отыр.

    «ШИПАЖАЙ-2017» Форумы – санаториялық-курорттық емдеу, медициналық оңалту, курорттық іс менеджментінің заманауи технологияларын дамытудағы тәжірибе алмасудың жыл сайынғы алаңы.

   Форум шеңберінде келесі конференцияларды өткізу жоспарлануда:

    1. Медициналық оңалтудың заманауи әдістері;
    2. Курорттық іс менеджменті.

    Форум бағдарламасында Қазақстанның санаториялық-курорттық мекемелерінің басшыларының, Қазақстан Республикасының Ұлттық Курорттық Қауымдастығының, шетелдік қонақтардың, сонымен бірге мүдделі үкімет органдарының өкілдерінің қатысуымен  Қазақстандағы санаториялық-курорттық қызметтің мәселелерін талқылай және оларды шешу және дамыту бойынша ұсыныстар бере отырып Дөңгелек үстел өткізу қарастырылған.

    Форум аясында санаториялық-курорттық мекемелердің және Қазақстан мен шетелдерде жасалған заманауи медициналық технологиялардың Көрмесін ұйымдастыру жоспарлануда.

    Көрмеге қатысу үшін санаториялар, пансионаттар және басқа да ұйымдар келесі бағыттар бойынша шақырылады:
• Минералды сулар, емдік балшықтар, климат
• Диагностикалық, емдік және көмекші құралдар
• Физиотерапия
• Климаттық,  бальнео- және балшықпен емдеу үшін құралдар мен технологиялар
• Массаж
• Тренажерлық құралдар және инвентарь
• Термотерапия (моншалар, сауналар)
• Рефлексотерапия
• Механотерапия
• Емдік физкультура
• Мануалды терапия және дәстүрлі медициналық технологиялар
• Емдік және профилактикалық тамақтану
• Anti-age технологиялар және өнімдер
• Косметология және эстетикалық медицина
• SPA және Wellness
• Ресурс үнемдейтін және экологиялық таза технологиялар
• Салауатты өмір салтын қалыптастыратын технологиялар
• Фармацевтикалық заттар және ББЗ
• Санаторияларды жабдықтау
• Компьютерлік және ақпараттық технологиялар
• Жағажай құралдары
• Жиһаз
• Бассейндер
• Тренажерлық залдар
• Ас әзірлейтін бөлімдердің құралдары
• Жарнама
• Автокөлік
• Жолдамаларды сату
• Медициналық және әлеуметтік сақтандыру
• Жобалау, құрылыс және санаторияларды абаттандыру
• Медициналық менеджмент, технологиялық жобалау
• Кадрларды дайындау және қайта дайындау
• Консалтинг
• Медициналық және курорттық әдебиет
     
   Форумға Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының қолдауымен Қазақстан Республикасының Ұлттық Курорттық Қауымдастығының «Қазақстан Республикасындағы курортология сұрақтары» ғылыми-практикалық және ақпараттық журналының Бірінші нөмірінде материалдар Жинағын шығару жоспарланған.

   «Қазақстан Республикасындағы курортология сұрақтары» журналына мақалаларды ресімдеу ережесі 1 қосымшада берілген. Мақалаға түйіндеме қазақ (ҚР үшін), орыс және ағылшын тілдерінде беріледі.

    Форум материалдарының Жинағына мақалалар 2017 жылдың 1 наурызына дейін қабылданады.
Форумға қатысу үшін Сізден 2017 жылдың 1 наурызына дейін көрсетілген https://goo.gl/forms/W7Qc6X5YlQdDmfeU2 сілтеме бойынша Тіркеу картасын толтыруды немесе 2 қосымшаға сәйкес Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электронды мекен-жайына жіберуіңізді сұраймыз.

   2017 жылдың 20-21 сәуірінде Форумға қатысушылар мен қонақтары үшін «Оқжетпес» шипажайының 50-жылдық мерейтойы құрметіне мәдени іс-шараларды өткізу жоспарланған, оның ішінде курорттық аймақтың көрікті жерлеріне шолу экскурсиясы.

Форумның ғылыми бағдарламасына қатысу  -  тегін.
Форум аяқталғаннан кейін сертификат беріледі.

ФОРУМДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР:
Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы,  Қазақстан Республикасы Ұлттық Курорттық Қауымдастығы.

ҚОЛДАУЫМЕН:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің.

ӨТКІЗІЛЕТІН КҮНІ: 20 -21 сәуір 2017 жыл.
ӨТКІЗІЛЕТІН УАҚЫТЫ: сағат - 09:00 – 18:00.
ӨТКІЗІЛЕТІН ОРНЫ: 021708, Ақмола обл.,  Бурабай ауданы, Бурабай кенті,  «Окжетпес» ЕСК» АҚ санаториі.

Байланыс телефондары: +7 7172 74 94 49, +7 7172 74 94 42, +7 701 900 95 75, +7 701 888 79 81.

Электронды мекен-жайы: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Веб-сайт: www.mcudprk.kz,  www.nkakz.kz
          

Құрметпен,
Ұйымдастыру комитеті

2

 

Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы «НұрОтан» партиясының  астаналық «Бірлік» филиалымен бірлесіп, Тәуелсіздіктің құрдастарымен кездесу өткізді
28.11.2016

3

    Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығын мерекелеуге арналған іс-шаралар аясында Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы «НұрОтан» партиясының  астаналық «Бірлік» филиалымен бірлесіп, 2016 жылғы    9 қарашада орталық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері – Тәуелсіздіктің құрдастарымен кездесу өткізді.

2

    Іс-шара ҚР ПІБ Медициналық орталығының Ауруханасы базасында өткізілді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының, соның ішінде Аурухананың қызметтері таныстырылды. Іс-шара қонақтарына Аурухананың бөлімшелері туралы фильм көрсетілді және аурухананың ішінде экскурсия ұйымдастырылды. Мемлекеттік қызметшілер ҚР ПІБ Медициналық орталығында көрсетілетін медициналық көмектер мен өзге де қызметтер бойынша өзекті сұрақтар қойып, жауап алды.

    Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілер – Тәуелсіздіктің құрдастары арасында «Ұлт денсаулығы – ел қуаты: болашаққа көзқарас» тақырыбында эссе-конкурс өткізілді.

    Конкурсты қорытындылау 2016 жылғы 26 қарашада ҚР ПІБ Медициналық орталығының «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешенінде өткізілгендіктен, конкурс қатысушыларының барлығын сонда алып бару үшін сапар ұйымдастырылды.

    Эссе-конкурста Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Транзитті және көлік логистикасын дамыту департаментінің сарапшысы Ахметжанов Зейнолла Асқарұлы жеңімпаз атанды.

    Екінші орынды ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің бас сарапшысы Әскеев Әбілхайыр Ғабитұлы мен Республикалық бюджеттің атқарылуы жөніндегі есеп комитетінің сарапшысы Жүнісбеков Бекзат Қуатбекұлы өзара бөлісті.

    Үшінші орынды ҚР Әділет министрлігінің сарапшысы Ахметова Айжан Айнабекқызы мен ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің сарапшысы Түркістанова Аяужан Мұратқызы иеленді.

1

    Сонымен қатар, конкурсқа қатысқандардың барлығы дипломдармен марапатталып, жеңімпаздарға Медициналық орталықтың ведомстволық қарасты ұйымдарында көрсетілетін сауықтыру қызметтерінің сертификаттары табысталды.

4

    Тәуелсіздіктің құрдастары «Оқжетпес» ЕСК қызметімен танысты, спорттық іс-шараларға қатысты, Щучье-Бурабай курорттық аймаққа экскурсияға шықты.

    Жоғарыда аталған іс-шараның шеңберінде «Оқжетпес» ЕСК-де «Ұрпақтар кездесуі» атты дөңгелек үстел өтті, оған Тәуелсіздіктің негізін қалаған мемлекет қайраткерлері Федотова Зинаида Леонтьевна, Трошихин Михаил Васильевич және Тәуелсіздіктің құрдастары қатысты.

5

    Зинаида Леонтьевна Қазақстанның Тәуелсіздік алып, аяққа тұруын әңгімелесе, Михаил Васильевич Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктер туралы әңгімелеп берді.

    Тәуелсіздіктің құрдастары мемлекеттік қызмет ардагерлерімен кездескенде алған әсерлерімен бөлісті, сондай-ақ жас ұрпаққа жүктелетін сенімді ақтауға сөз берісті.

    Кездесуді ұйымдастырушылар мен қатысушылар Медициналық орталық пен «НұрОтан» партиясының «Бірлік» филиалы бірлесіп өткізген іс-шара аясында алдағы уақытта ынтымақтастыққа мүдделі екендерін білдірді.

 

«Қазақстандағы терроризм және діни экстремизм» семинары
02.11.2016

Семинар «Терроризм и религиозный экстремизм в Казахстане»

    2016 жылғы 1 қарашада Медициналық орталықтың және оның ведомстволық қарасты ұйымдары қызметкерлерінің қатысуымен «Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы» АҚ ұйымдастырған «Қазақстандағы терроризм және діни экстремизм» тақырыбына семинар өтті.

    Қазіргі заманғы әлемде халық қауіпсіздігіне төнетін негізгі қауіп-қатердің бірі – терроризм және діни экстремизм болып табылады. Бүгінгі күні  әлемде қалыптасқан  жағдайда террористтер үшін адам өмірінің еш құндылығы жоқ болып тұр,  біз бұл жәйтті күн сайын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы көріп отырмыз.

    Сондықтан діни экстремизм мен терроризмнің қауіп-қатеріне жол бермеу мақсатында алдын алу іс-шараларының кешенін өткізу қажет.

Осыған байланысты, мына сарапшылардың қатысуымен семинар өткізілді:
1.  «Әзірет-Сұлтан» мешітінің теолог-ағартушысы - Қайырғалиев Мақсатбек Мақсотұлы;
2.  Астана қаласының  Дін істері басқармасының өкілі Діндер мәселелерін зерттеу орталығының бөлім бастығы - Құдайберген Мөлдір Талғатқызы;
3.  «Ариал» қоғамдық қордың басшысы - Рүстембекова Айман Мейірқызы.

    Сарапшылар өз пікірлерімен және тәжірибесімен бөлісе отырып, аталған көріністердің орын алу қатерін барынша азайтуға, халықтың өмірі мен денсаулығын сақтауға, ауыр салдарды болдырмауға бағытталған бірқатар шаралар туралы егжей-тегжейлі әңгімеледі.

Терроризмге қарсы бейнематериалмен және ұсынымдармен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

 

2016 жылғы 14 қазан «Қазақстан Республикасының туристік әлеуеті» конференциясы
19.10.2016

    2016 жылғы 14 қазанда Мәскеу қаласында (Ресей Федерациясы) «Қазақстан Республикасының туристік әлеуеті» тақырыбында  конференция (бұдан әрі - Конференция) өтті.

4

    Осы іс-шараның ұйымдастырушылары:
- Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігі;
- Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігі;
- Ресей Федерациясының Туризм жөніндегі Федералдық Агенттігі  (Ростуризм).

    Мақсаты – нақты туристік өнімдер/пакеттерді қамтитын Қазақстанның туристік индустриясының бар мүмкіндіктерін ұсыну, Қазақстанға ресейлік туристерді тарту, сондай-ақ Қазақстан мен Ресей арасында туризм саласындағы өзара пайдалы ынтымақтастықты дамытуға ықпал ету.

5

    Конференцияның модераторы – Мәскеу сауда-өнеркәсіптік палатасының Туризм және қонақ үйлік бизнес жөніндегі комитетінің төрағасы Абрамов Сергей Николаевич.

    Конференцияға спикерлер ретінде қатысқандар:
1. Иманбаев Болат Борібайұлы – Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің Кеңесші-Елшісі;
2. Бұйрабекова Людмила Витальевна – Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығы басшысының орынбасары;
3. Жақатаев Еркін Исаханұлы – Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілінің орынбасары;
4. Якупбаева Юлия Константиновна – «Атамекен» Қазақстан кәсіпкерлерінің Ұлттық Палатасының Басқарма төрағасының орынбасары, Басқарма мүшесі;
5. Бөлебаева Сәуле – «Астана ЭКСПО – 2017» Ұлттық Корпорациясы» АҚ бас менеджері;
6. Яковина Ольга – National Geographic Traveler журналының Бас  редакторы;
7. Шеримов Роллан Әділетұлы – «Сарыағаш» Емдеу-оңалту кешені Бас директорының орынбасары;
8. Абрахманов Жасқайрат Зейноллаұлы – «Бурабай Даму» ЖШС Бас директоры;
9. Митин Антон Александрович – «AlmatyCityTour» ЖШС Бас директоры;
10. Рей Инна Юрьевна – «Фирма «Саят» ЖШС директоры, Қазақстанның туристік операторлары қауымдастығының президенті;
11. Капарулин Дмитрий Леонидович – «Эйр Астана» АҚ-ның Ресей және ТМД бойынша өңірлік бас менеджері;
12. Макарова Наталья Валерьевна – «Аэрофлот – российские авиалинии» ПАҚ-ның ТМД елдерінде сатылымды дамыту тобының басшысы;
13. Байжаунова Гүлжан Маңғыстауқызы – Маңғыстау облысы Әкімдігінің шығу туризмі бөлімінің басшысы;
14. Жасыбаева Айгүл Алпамысқызы – «Турист» ЖШС шығу туризмі жөніндегі аға менеджер;
15. Веймер Альбина Фридриховна – «Золотой караван» ЖШС Бас директоры;
16. Абайдуллаев Мақсат Серікболұлы  - Қызылорда облысы әкімдігінің Кәсіпкерлік және туризм басқармасының даму бөлімі бастығының міндетін атқарушы;
17. Бокишева Жанат – «Аrnai Tours» ЖШС бас менеджері;
18. Коробейникова Оксана – ТОО «Sky Way Travel» ЖШС жоба басшысы;
19. Куценко Кристина Александровна – «Destinations.kz» ЖШС директоры.

    Конференцияда туризмнің экологиялық, спорттық, емдеу-сауықтыру, танымдық және басқа түрлерін қоса алғанда туристік саланың барлық бағыттары ұсынылды және Конференция жұмысына Ресейдің ең ірі туристік операторлары мен агенттіктері, туроператорлар қауымдастығы, Ресей туриндустриясы одағы қатысты. Конференция аясында  В2В форматында кездесулер ұйымдастырылды.

    Конференция барысында  қонақтар мен қатысушыларға біздің еліміздің туристік саласының бір қатар материалдар ұсынылды, оның ішінде ресейлік қатысушылар арасында жоғары қызығушылық тудырған «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне айрықша назар бөлінген.

    Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы ведомстволық қарасты клиникалар мен санаторийлердің қызметі, олардың қызмет бағытының спектрі туралы бейне фильм ұсынды.

    Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы Ынтымақтастық туралы меморандумның жобасын әзірлеп, Ресей Федерациясы Мәдениет министрлігінің Федералдық Агенттігіне  (Ростуризм) қарау және келісу үшін жіберді.
 
    Өзара түсіністік туралы осы Меморандум аясындағы бірлескен қызмет мына формаларда жүзеге асырылатын болады:
- Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының санаторийлері мен  Ресей Федерациясы санаторийлері арасында тәжірибе алмасу;
- ғылыми-практикалық ақпаратпен, әдебиетпен, библиографиялық баспалармен алмасу;
- мамандармен алмасу, біліктілік арттыру, тағлымдамалар ұйымдастыру;
- Меморандум шегінде ұсынылатын жобалық шешімдерді әзірлеу және іске асыру үшін бірлескен жұмыс және сарапшылар топтарын, уақытша шығармашылық ұжымдарын қалыптастыру;
- кездесулер, ғылыми конференциялар, семинарлар мен симпозиумдар ұйымдастыру және өткізу.

    Конференция міндеттері екі елдің бизнес-қоғамдастықтары арасындағы диалогті нығайту және Қазақстан мен Ресейдің туристік саласының өкілдері үшін байланыс орнату мүмкіндіктерін ұсынуды қамтыды.

    Конференцияның іскерлік бағдарламасы практиканың ең жаңа жетістіктерімен алмасуға және санаторийлік-курорттық саланың заманауи моделін құруға ықпал етті.

    Конференция қатысушыларының пікірі бойынша Қазақстанға келетін туристердің ағымын ұлғайту және осы бағыттағы қызметті жетілдіру үшін санаторийлік-курортық кешендер жұмысын жаңғырту қажет.

    Осы Конференция жалпы Қазақстан Республикасы үшін, сондай-ақ  Ресей Федерациясының туристік операторлары үшін де туристік әлеует саласындағы маңызды іс-шара атанды.

[12 3  >>  

Ведомстволық қарасты ұйымдар

Пайдалы сілтемелер

  • ehealth.kz
www.mcudprk.kz | Copyright © 1929 - 2016. Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының ресми сайты