Сәлемдеме сөз

Руководитель Мед.центра УДП РК - Бенберин В.В.

Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының басшысы - Бенберин Валерий Васильевич

Құрметті әріптестер, ханымдар мен мырзалар!

    Сіздердің назарларыңызға Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының (бұдан әрі – Медициналық орталық) сайтын ұсынамыз.
    Медициналық орталық жүйесінің қалыптасуы 1929 жылы кішкентай амбулатория ашудан басталған және бұл күн біздің тарихымыздың есептеу нүктесі болып қалды. Бүгінгі таңда, Медициналық орталық күзетілетін тұлғаларды, мемлекеттік қызметшілерді, одақтық және республикалық мәндегі дербес, сондай-ақ мемлекеттік қызметтен жасына байланысты зейнеткерлікке шыққан зейнеткерлерді, жоғары дәрежелі ерекше белгілермен марапатталған тұлғаларды және азаматтардың жекелеген санаттарын медициналық, дәрі-дәрмектік, санаторлық-курорттық салаларда қамтамасыз етіп, мемлекеттік органның қызметтерін бақылау және іске асыру құзыреті шегінде жүзеге асыратын ведомство болып табылады.

    Медициналық орталықтың негізгі міндеті – тіркелген құрамды медициналық, санаторлық-курорттық көмек қызметтерімен және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, денсаулықтарын нығайту мен сақтау, санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздікпен қамтамасыз ету.

    Медициналық орталық жүйесіне 10 ведомстволық қарасты ұйым кіреді, олар: ҚР ПІБ МО Орталық клиникалық ауруханасы , ҚР ПІБ МО Ауруханасы, Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы, «Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы» , «Қарлығаш» балабақшасы, Ресей Федерациясындағы «Қазақстан» санаторийі, Қырғыз Республикасындағы «Қазақстан» санаторийі, «Оқжетпес» және «Алматы» санаторийлері.

    Медициналық орталықтың ауруханалары – өте жақсы жабдықталған, медицинаның дерлік барлық салаларында медициналық қызмет көрсетудің кең спектрін ұсына алатын медициналық мекемелер.
Емдеу, емделушілерді күту, қызмет көрсету бойынша жылдар бойы дағдыланған дәстүрлер біздің клиникалардың визит карточкалары болып табылады.

    Медициналық орталық жүйесінде 3 мыңдай маман, оның ішінде шамамен 500 білікті дәрігер мен дәріші, 700 орта медициналық қызметкер, 12 доктор, 51 ғылым кандидаттары жұмыс істейді. 75% дәрігер және 73% орта медициналық қызметкердің біліктілік санаттары бар. Жаңашыл жобаларға талпыну, медицина ғылымы мен техникасында алдыңғы қатарлы жетістіктерін пайдалану, күрделі клиникалық-диагностикалық міндеттерді шешу мүмкіндігі – Медициналық орталық мамандарына тән ерекшелік. Медициналық орталықтың санаторлық-курорттық ұйымдары қазіргі заманғы медициналық жабдықтармен жарақтандырылған, табиғи ресурстары сирек аумақтарда орналасқан (Бурабай, Алматы тау бөктері, Ыстықкөл көлі) және емдеу-сауықтыру шараларының кең спектрімен танымал.

    Ведомстволық қарасты ұйымдардық қызметтері туралы толығырақ ақпараттарды біздің сайтымыздан алуға болады. Біз қызметтерімізге қызығушылық танытқан тұлғалармен тығыз әрі белсенді байланыс жасауға үміттіміз. Келіп түскен барлық сұрақтарға Медициналық орталықтың жетекші мамандары жауап береді.

Құрметпен, Бенберин Валерий Васильевич

Ведомстволық қарасты ұйымдар

Пайдалы сілтемелер

  • ehealth.kz
www.mcudprk.kz | Copyright © 1929 - 2016. Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының ресми сайты