Медициналық қызметтер сапасын бақылау және сараптау басқармасы

02.04.2014

Басқарма басшысы, С-3 санаты (№ 04-1)

Критерийлері

Талаптары

Білімі

Жоғары: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина).

Құзыреттік талаптары

Бастамашылық, коммуникативтік, аналитакалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Кәсіби біліктілігі

Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган анықтайтын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін; «Қазақстан - 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білу; функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Практикалық тәжірибесі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік үлгілік талаптарына сәйкес жұмыс тәжірибесі.

Қызметтік міндеттері

Медициналық орталықтың амбулаториялық-емханалық, стационарлық, санаторийлік-курорттық медициналық көмек көрсететін ведомстволық қарасты ұйымдарының қызметтерін үйлестіруді жүзеге асыру. Медициналық қызмет көрсету сапасына ведомствоішілік сараптама жүргізу және ұйымдастыру, ведомстволық қарасты медициналық ұйымдарда медициналық көмекті ұйымдастыру бойынша жоспарлы, жоспарсыз тексерулер жүргізу, ведомстволық қарасты ұйымдармен әдістемелік және консультациялық жұмыстарды жүзеге асыру; Басқарманың Медициналық орталықтың өзге де құрылымдық бөлімшелерімен, мемлекеттік органдармен және министрліктермен, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің құрылымдық бөлімшелерімен медициналық, санаторийлік-курорттық көмек көрсету; ведомстволық қарасты ұйымдардағы емдеу, диагностикалау үдерістерін, дәрі-дәрмекпен қамтылуын бақылау және мониторингілеу мәселелері бойынша өзара қызметтік байланыс жасау.  Басқарма қызметкерлерінің еңбек, атқарушылық тәртібін және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін сақтауларын бақылау.  

Бас сарапшы, С-4 санаты (№ 04-2)

Критерийлері

Талаптары

Білімі

Жоғары: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина).

Құзыреттік талаптары

Бастамашылық, коммуникативтік, аналитакалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Кәсіби біліктілігі

Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган анықтайтын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін; «Қазақстан - 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білу; функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Практикалық тәжірибесі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік үлгілік талаптарына сәйкес жұмыс тәжірибесі. Сараптамалық медициналық қызметте (медициналық қызметтер сапасын бақылауды сараптау) жұмыс өтілінің болғаны дұрыс.

Қызметтік міндеттері

Ведомстволық қарасты медициналық ұйымдарда медициналық қызмет көрсету көлемі мен сапасына, оның ішінде базалық тарифтік мөлшерлеме бойынша қаржыландыру шеңберінде стационарлық және стационарды алмастыру қызметтеріне сараптама жүргізу; медициналық, оңалту, санаторийлік-курорттық қызметтер, сондай-ақ ведомстволық қарасты ауруханалар мен санаторийлер жұмыстарының статистикалық көрсеткіштері сапасына мониторинг пен бақылау жүргізу; пациенттерді ведомстволық қарасты стационарларға жатқызу жөніндегі шұғыл ақпаратқа мониторинг жүргізу, ведомстволық қарасты ұйымдарда медициналық құрал-жабдықты пайдалану тиімділігін бақылау; мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдармен әдістемелік және консультациялық жұмыстарды жүзеге асыру және Басқарманың Медициналық орталықтың өзге де құрылымдық бөлімшелерімен, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен және мониторинг пен емдік-диагностикалық, дәрілік көмек сапасын бақылау мәселелері бойынша өзге де әкімшілік ведомстволармен қызметтік өзара іс-қимылды іске асыруға қатысу; тіркелген құрамға медициналық, оңалту және дәрілік көмек көрсетуді жетілдіру мәселелері бойынша заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу; өндірістік қажеттілік пен басшының тапсырмасы бойынша өз құзыретінің шегінде Басқарманың орнында болмаған бас сарапшысының немесе сарапшысының қызметтерін атқару. Жұмыстың жетекшілік ететін бөлімдері бойынша аналитикалық материалдарды дайындау және мемлекеттік қызметшілер мен Медициналық орталыққа тіркелген азаматтардың басқа да санаттарына медициналық, оңалту және дәрілік көмек көрсетуді жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу.

 Бас сарапшы, С-4 санаты (№ 04-3)

Критерийлері

Талаптары

Білімі

Жоғары: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина).

Құзыреттік талаптар

Бастамашылық, коммуникативтік, аналитакалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Кәсіби біліктілігі

Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган анықтайтын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін; «Қазақстан - 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білу; функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Практикалық тәжірибесі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік үлгілік талаптарына сәйкес жұмыс тәжірибесі. Сараптамалық медициналық қызметте (медициналық қызметтер сапасын бақылауды сараптау) жұмыс өтілінің болғаны дұрыс.

Қызметтік міндеттері

Ведомстволық қарасты медициналық ұйымдарда медициналық қызмет көрсету көлемі мен сапасына, оның ішінде базалық тарифтік мөлшерлеме бойынша қаржыландыру шеңберінде стационарлық және стационарды алмастыру қызметтеріне сараптама жүргізу; медициналық, оңалту, санаториялық-курорттық қызметтер, сондай-ақ ведомстволық қарасты ауруханалар мен санаторийлер жұмыстарының статистикалық көрсеткіштері сапасына мониторинг пен бақылау жүргізу; пациенттерді ведомстволық қарасты стационарларға жатқызу жөніндегі шұғыл ақпаратқа мониторинг жүргізу, ведомстволық қарасты ұйымдарда медициналық құрал-жабдықты пайдалану тиімділігін бақылау; мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдармен әдістемелік және консультациялық жұмыстарды жүзеге асыру және Басқарманың Медициналық орталықтың өзге де құрылымдық бөлімшелерімен, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен және мониторинг пен емдік-диагностикалық, дәрілік көмек сапасын бақылау, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы құрамын тіркеу мен тіркеуден шығару мәселелері бойынша өзге де әкімшілік ведомстволармен қызметтік өзара іс-қимылды іске асыруға қатысу; тіркелген құрамға медициналық, оңалту және дәрілік көмек көрсетуді жетілдіру мәселелері бойынша заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу; өндірістік қажеттілік пен басшының тапсырмасы бойынша өз құзыретінің шегінде Басқарманың орнында болмаған бас сарапшысының немесе сарапшысының қызметтерін атқару. Жұмыстың жетекшілік ететін бөлімдері бойынша аналитикалық материалдарды дайындау.

Сарапшы, С-5 санаты (№ 04-4)

Критерийлері

Талаптары

Білімі

Жоғары: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина) немесе құқық (құқықтану).

Құзыреттік талаптары

Бастамашылық, коммуникативтік, аналитакалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Кәсіби біліктілігі

Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган анықтайтын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін; «Қазақстан - 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білу; функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Практикалық тәжірибесі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік үлгілік талаптарына сәйкес жұмыс тәжірибесі.

Қызметтік міндеттері

Медициналық қызметтер сапасын бақылау және сараптау, Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының ұйымдарында медициналық қызмет алу үшін тіркелген құрамға медициналық көмек көрсету мәселелерін реттейтін Үкімет қаулыларының, өзге де нормативтік-құқықтық актілердің, Медициналық орталықтың нормативтік құжаттарының жобаларын әзірлеуге қатысу. Медициналық орталық комиссиясының жұмыстарына қатысу. Құқықтық мәселелер бойынша Медициналық орталықтың атынан, белгіленген заңнамалық актілерге сәйкес түсіндірмелер дайындау, медициналық қызметтер сапасын бақылау және сараптау, азаматтардың жеке санаттарына медициналық көмекті ұйымдастыру мәселелері бойынша құжаттар дайындау мен шешім қабылдауда құқықтық көмек көрсету.

Жұмыстың жетекшілік ететін бөлімдері бойынша аналитикалық материалдарды дайындау және Медициналық орталыққа тіркелген мемлекеттік қызметшілер мен азаматтардың жекелеген санаттарына медициналық, оңалту және дәрілік көмек көрсетуді жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу. Медициналық орталыққа келіп түскен құжаттамалардың, Басқарманың қызметіне қатысты хаттамалық және басшылықтың басқа да тапсырмаларының уақтылы орындалуына бақылауды жүзеге асыру.

Ведомстволық қарасты ұйымдар

Пайдалы сілтемелер

  • ehealth.kz
www.mcudprk.kz | Copyright © 1929 - 2016. Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының ресми сайты